Дәрігер, басшы, ғалым және қоғам қайраткері

Дәрігер, басшы, ғалым және қоғам қайраткері

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз жер бетіндегі ең асыл, ізгілікті, сұранысқа ие және қажетті мамандық иесі – гастроэнтеролог дәрігер Жәмила Ахтанқызы Қайбуллаева туралы айтқымыз келеді.

Жәмила Ахтанқызы – Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын сүйікті ісі - адамдарға қызмет етуге арнап келеді.  

  Денсаулық сақтау жүйесінде 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша, Академия жанындағы интернатураны, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология бойынша клиникалық ординатураны бітірді. КІАҒЗИ аспирантурасын бітіргеннен кейін ол эндокринология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ассистент, содан кейін эндоскопия курсымен гастроэнтерология кафедрасының доценті болды. Терең білімнің, кәсібиліктің және мақсатына ұмтылудың арқасында Д.А. Қайбуллаева жас маманнан бастап Қазақстандағы кардиология, кардиохирургия және терапиялық бағыттар саласындағы жетекші ғылыми орталық басшылығына дейінгі кәсіби дамудан өтті.

Тамаша дәрігер және денсаулық сақтау менеджері бола отырып, практикалық жұмысты ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарымен, сондай-ақ Ішек ауруларын зерттеу жөніндегі қазақ ғылыми қоғамының президенті ретіндегі қоғамдық қызметпен үйлестіре білді. Оның басшылығымен жұмыс істейтін гастроэнтерологтар мен ғалымдар тобы әлемдік қауымдастықта өз бағытымен танымал.

Әріптестер Жәмила Ахтанқызын кішіпейіл және жанашыр адам ретінде біледі. Ол жоғары жұмыс қабілеті мен жауапкершілік, әрқашан адамдарға көмектесуге дайын болу сияқты қасиеттерімен және тартымдылығымен ерекшеленеді.

ҚР халқының денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Әріптестерімен бірге Жәмила Ахтанқызы консилиумдарға қатысады, қашықтан оқыту технологиялары арқылы еліміздің барлық өңірлерінен гастроэнтерологиялық бейіндегі ауыр пациенттерге кеңес береді. Елдің түкпір-түкпірінен келген көптеген пациенттер оның қабылдауына жазылуға тырысады. Институттың әлеуметтік парақшаларында және 2GIS-те дәрігердің атына алғыс білдірушілер саны көп: @askanbai: Жұмысына адал жан Джамиля ханым. Әр пациентке мейірімін шашатын, ауруыңды анық басатын, осы кісінің сөзінен кейін ауру жоғалғандай сезімде боласың, анық дәрігер. @sahinura: Жәмила Ахтанқызы мені өмірге қайданан қайтарды. ІҚА бойынша ең білікті дәрігер. Tilemisova: Жәмила Ахтанқызы – ІҚА кәсіби маманы, оның арқасында денсаулығым жақсарды. Назым Игілікова: Нағыз кәсіби дәрігерлер. Әсіресе, Жәмила Ахтанқызы мені аяғыма қойғанын атап өткім келеді.

Мерекеңіз құтты болсын, Жамила Ахтанқызы! Адам өміріне араша түсіп, құтқарылған жандар үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.