«Үдемелі жүрек жеткіліксіздігін емдеу» халықаралық конференциясының басталуына бір апта қалды!

«Үдемелі жүрек жеткіліксіздігін емдеу» халықаралық конференциясының басталуына бір апта қалды!

🌟 Кардиолог, интервенциялық кардиолог, кардиохирург және т.б. дәрігерлердің назарына! 🌟

🌐 2024 жылғы 26-27 қыркүйекте Алматы қаласында кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласындағы Қазақстан, Түркия және Швейцарияның жетекші сарапшыларының қатысуымен гибридті форматта «Үдемелі жүрек жеткіліксіздігін емдеу: тәжірибе алмасу бойынша кездесу 2024» халықаралық қатысуымен конференция өтетінін естеріңізге саламыз.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, «University Medical Center» корпоративтік қоры және Қазақстандық жүрек жеткіліксіздігі мамандарының қоғамы.

👩‍⚕️Конференцияның мақсаты: созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне (СЖЖ) шалдыққан науқастарды диагностикалау мен емдеуде қазақстандық және шетелдік кардиология, кардиохирургия мамандарының өзара әрекеттесуі және тәжірибе алмасуы.

✅Конференцияда мейіргерлік секцияны қоса алғанда, пленарлық және секциялық отырыстар, механикалық LVAD және Mitraclip имплантациялау бойынша шеберлік класс және пациенттерге кеңес беру жоспарланған.

✅Конференцияға тіркелу тегін. Іс-шараға тіркеліп, офлайн форматта қатысқан қатысушыларға сертификаттар беріледі. Алдын ала тіркелу қажет, сілтеме арқылы тіркеле аласыздар: https://hfconference.seventsolution.ru/

Өтетін орны мен күні: Достық даңғылы 52/2, «Қазақстан» қонақ үйі.

📅 26 қыркүйек, сағ. 08.00-09.00 - тіркелу, «Гранд Палас», залы,

🏥 27 қыркүйек, сағ. 09.00, Әйтеке би көшесі, 120, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты.