«Эндокринология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы бойынша КІАҒЗИ оқыған резиденттер диплом алды

«Эндокринология (ересектер, балалар)» білім беру бағдарламасы бойынша КІАҒЗИ оқыған резиденттер диплом алды

Резидентура түлектерін құттықтаймыз!

Бүгін профессор Л.Б. Даньярова жетекшілік ететін «Эндокринология» білім беру бағдарламасының түлектері үшін ерекше күн. Эндокринолог резиденттер барлық қиындықтарды жеңіп, өз мамандықтары бойынша жетістіктерге жетті, енді олар өздерінің білімдері мен дағдыларын практикада қолдануға дайын.

Қазіргі жастар дәрігер мамандығын таңдауға саналы түрде келеді. Бұл ретте олар өз саласында білгір сарапшы деп танылған медицина саласындағы ең үздік мамандардан білім алуды таңдайды. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ түлектері жоғары сұранықа ие, олар еліміздің практикалық денсаулық сақтау ұйымдарына 100% жұмысқа орналасуда.

«Біз «Адамның жаман дәрігер болуға құқығы жоқ, өйткені дәрігерге ең құнды - өмір мен денсаулық сеніп тапсырылады» деген қағиданы ұстанамыз. Біздің институттың резиденттерінің білімі бүгінгі күннің талаптарына сай және оларға таңдалған мамандық бойынша табысты жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп сеніммен айта аламын», - деді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

«Сіздерді біздің институттың барлық оқытушыларының атынан құттықтаймын! Институттың қабырғасында сіздердің тәлімгерлер ғана емес, әріптес жолдастарыңыз бар екенін біліңіздер. Әрқашан білімдеріңізді жетілдіріңіздер. Біз сіздерге сенеміз және жетістіктеріңізге қуанамыз», - деп атап өтті төрағаның орынбасары Жамила Қайбуллаева.

Біз түлектерімізді мақтан тұтамыз, жетістіктеріңізге қуаныштымыз және тек жаңа шыңдар мен керемет жетістіктер күтіп тұрғанына сенімдіміз!

Институт кардиология, эндокринология, анестезиология және реанимация, гастроэнтерология, аллергология және иммунология, пульмонология, ревматология және терапия сияқты мамандықтар бойынша резидентураның негізгі білім беру бағдарламалары бойынша мамандандырылған аккредитацияға ие.