Үйдегі бастапқы көмек дәрі қобдишасында не болуы керек: кардиолог дәрігердің ұсынымдары

Үйдегі бастапқы көмек дәрі қобдишасында не болуы керек: кардиолог дәрігердің ұсынымдары

Жүректі сақтау және шұғыл жағдайларда тез әрекет ету үшін бастапқы көмек дәрі қобдишасында не болуы керектігі туралы маңызды ұсынымдар:

1. Дәрігеріңіз тұрақты қабылдау үшін тағайындаған препараттар (әсіресе, егер Сіз жолға шығатын болсаңыз, сол кезеңге жеткілікті болу үшін таблеткалардың мөлшерін тексеріңіз).

2. Шұғыл көмекке арналған дәрі-дәрмектер:

ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ КРИЗДІК ЖОҒАРЫЛАУЫ кезінде:

💊 Каптоприл (капотен) 25-50 мг – ½ - 1 таб. тіл астына. Әсер шамамен 15 минуттан кейін басталып, 2-3 сағатқа дейін әсер етеді.

💊 Моксонидин (физиотензе) 0.2 мг - 1 таб. тіл астына. Ауыр созылмалы жүрек және бүйрек қызметі жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілімі бар. Әсер шамамен 30 минуттан кейін басталып, 2,5-5 сағатқа дейін әсер етеді.

Нифедипин - рутиндік қолдануға ұсынылмайды. Қан қысымын тез төмендетеді, тахикардияны тудырады.

Жүректің ишемиялық ауруы немесе анықталмаған сипаттағы кеудедегі ауырсынуға қарсы.

Седативтік препараттар - стресс кезіндегі қан қысымының жоғарылауына көмектеседі, бірақ тәуелсіз құрал ретінде қолданылмайды. Дәлелденген тиімділігі жоқ.

Валосердин/валокордин, корвалол препараттары фенобарбитал құрамына байланысты әсер етеді, тәуелділік пен жанама әсерлер тудыруы мүмкін.

ЖИІ ЖҮРЕК СОҒУЫ КЕЗІНДЕ:

💊 Пропроналол (анаприлин) 10 мг 1/2 - 1 таб. немесе метопролол тартраты (эгилок) 25 мг 1/2 -1 табл., шайнау керек. Олар жиі жүрек соғу кезінде қан қысымы жоғарлағанда көмектеседі.

КЕУДЕДЕГІ АУЫРСЫНУ КЕЗІНДЕ (жүктемеден немесе стресстен кейінгі ауырсыну, ұзаққа созылған, айқын әлсіздік, ентігу, терлеу):

💊 Нитроглицерин 1-2 табл. тіл астына немесе 1-2 дозадан нитроспрей (нитраттар) тіл астына.

- қан қысымын төмендетеді, сондықтан қан қысымы төмен болғанда болмайды!

- жиі бас ауруын тудырады (мұндай жағдайда сиднофармды тіл астына 2 мг қабылдауға болады).

💊 Ацетилсалицил қышқылы 250 мг (егер миокард инфарктіне күдік болса - нитроглицериннен кейін қоймаған төс сүйегінің артындағы ұзаққа созылған қарқынды ауырсыну) – шайнау қажет және жедел жәрдем шақыру керек.

Жоғары қан қысымы, асқазан жарасы немесе гастриттің өршуі кезінде ішуге болмайды.

💊 Жүрек-қан тамырлары патологиясымен байланысты емес жағдайға қосымша құралдар: қызуды басатын, сорбенттер, антигистаминдер, антисептик, таңғыш, лейкопластырь, зеленка немесе йод, мүсәтір спирті

Тонометр әр бастапқы көмек дәрі қобдишасында болуы керек, әсіресе гипертониялық науқастар мен 40 жастан асқан науқастарда.

Жедел жәрдем телефоны: жедел жәрдемнің және емдеуші дәрігеріңіздің телефон нөмірлерін жазып қойыңыз. Шұғыл жағдайда бұл уақытты үнемдеуге көмектеседі.