Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің кардиолог дәрігері Талшын Қалиолдаева 2 апта бойы Минск қаласындағы Беларусь Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология» республикалық ғылыми-практикалық орталығында білімін жетілдірді.
Оқытудың мақсаты - кардиологиялық оңалтудың ерте сатысында пациенттерді бақылау дағдыларын меңгеру.
«Кардиология» РҒПО мемлекет халқы мен шетел азаматтарына кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек көрсету бойынша Беларусь Республикасында жетекші ғылыми-зерттеу, емдеу және ұйымдастыру-әдістемелік мекемесі болып табылады. 2023 жылы мұнда 6060 пациент емделген, 5081 операция, оның ішінде 41 жүрек трансплантациясы жасалған. КІАҒЗИ дәрігері тағылымдамадан өткен кардиохирургия және кардиологиялық оңалту бөлімшелерінің пациенттеріне оңалту іс-шаралары жүргізіледі, олар: тыныс алу және емдік гимнастика, кіші бұлшықет жаттығулары, дозаланған серуендеу, веложаттығулар, емдік массаж және физиотерапия.
Тұрақты назар аударуды қажет ететін оңалту бөлімшесінің пациенттеріне жоғалған функцияларын қалпына келтіру және әдеттегі өмірге оралту көмектері көрсетіледі. Тиімді үйлесімді командалық жұмыс үшін психологтың тұрақты негізде жұмыс істеуі, штатты кеңейту мүмкіндігін қарастыру, жаңа физиотерапиялық аппараттарды сатып алу бойынша және т.б. бірқатар ұсыныстар енгізілді және олар ҒЗИ басшылығы тарапынан қолдау тапты.