Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының МСАҚ департаменті бас директорының орынбасары бастаған Қытай делегациясы келді

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына  Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының  МСАҚ департаменті бас директорының орынбасары бастаған Қытай делегациясы келді

24 қыркүйекте Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының медициналық-санитарлық алғашқы көмек департаменті бас директорының орынбасары Чен Кай бастаған құрамында барлық деңгейдегі МСАҚ басшылары мен дәрігерлері бар Қытай Халық Республикасының делегациясы келді.

            Клиниканы аралау барысында қонақтар қабылдау, сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия бөлімшелерінде, рентгенэндоваскулярлық операциялық блокта, консультативтік-диагностикалық орталықта және клиникалық-диагностикалық зертханада болды.

            Басқарма төрағасы Марат Пашимов күрделі науқастар емделетін төртінші деңгейлі клиника саналатын институттың қызметімен таныстырып, көрсетілетін медициналық қызметтерге, медициналық жабдықтардың қолжетімділігіне тоқталды.

            Қонақтарға халықаралық стандарттарға сай заманауи құрал-жабдықтар көрсетілді. Бұл толық кардиологиялық пакеті және 3D визуализациясы бар премиум КТ аппараты. Мұндай бірегей аппаратта зерттеулер Алматыда тек КІАҒЗИ жүргізіледі; Эхокардиография мен қан тамырларын тексеру мүмкіндігі бар жоғары сапалы диагностикалық ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі; науқастарды диагностикалауға арналған «Phadia 250» автоматты анализаторы. ImmunoCAP технологиясы ең дәл деп танылған. Оның көмегімен әлемде аллергиялық аурулардың таралуы зерттеледі.

Сондай-ақ кардиохирургиялық бөлімшеде кардиохирургиялық операциялардың барлық түрі жасалатыны айтылды. Институттың дәрігерлері Алматыда бірінші болып жүрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысындағы науқастарға жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау (LVAD) және донорлық жүректі трансплантациялау операцияларын жасады. Рентгенэндоваскулярлық операциялық блокта жоғары технологиялық эндоваскулярлы аорталық қақпақшаны имплантациялау (TAVI) сияқты операциялар сәтті жасалады. Консультациялық-диагностикалық орталықта пациенттерге КТ, МРТ, УДЗ сияқты диагностикалық қызметтер, жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмектің толық спектрі қолжетімді.

            С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ ректоры Марат Шоранов университет базасында 5 жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен ғылыми орталықтардың бірігуі халық денсаулығының мүддесі үшін медициналық білім, ғылым және тәжірибені біріктіруге мүмкіндік берді, деді.

            Ол КІАҒЗИ тек медициналық қызмет көрсетіп қана қоймай, еліміздің барлық аймақтарының дәрігерлері мен мейіргерлері үшін оқыту семинарлары, шеберлік сабақтары және басқа да іс-шаралар өткізетінін, институтта ең күрделі науқастар емделіп, еліміздегі ең үздік дәрігерлер жұмыс істейтінін атап өтті.

            Екі елдің денсаулық сақтау өкілдерінің кездесуі медицина саласындағы әріптестікті нығайтуға ықпал етіп, дамудың жаңа перспективаларын ашады.