Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жылдың ең әдемі мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты шара өтті.
Клиниканың кәсіподақ комитетінің төрағасы Олег Хан нәзік жандарды мерекелерімен құттықтай отырып, әйел – ошақтың ұйтқысы, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін атап өтті. «Ол – балаларына қамқор ана, отбасында жайлылық пен жылы ахуал туғызатын жар, жұмыс орнында үлкен жауапкершілікті сезінетін жақсы қызметкер, басшы», - деді Олег Ромуальдович.
Ұжымдағы ер-азаматтар қыз-келіншектерге өлең шұмақтарын арнап, өмірлері игі істердің жемісіне және сыртқы әлеммен үйлесімге толы болуын, өмірде бақыт, береке, сәттілік қатар жүруін тіледі.
Кәсіподақ ұйымы тарапынан аспаптық квинтет, кәсіби орындаушылар шақырылып, концерт ұйымдастырылды. Барлық әйелдерге көктем мен нәзіктік символы – қызғалдақ гүлдері сыйға тартылды.