Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында 80 жастан асқан пациенттерге интервенциялық аритмологиялық араласулар, соның ішінде жүрек-қайта синхрондау терапиясы (СРТ-Д) имплантация сияқты жоғары технологиялық операциялар сәтті жүргізілуде. Клиникада жыл сайын қайта синхрондау немесе «бивентрикулярлық» құрылғыны имплантациялау бойынша 250 жуық операция жасалады. Алғашқы операция институтта 2010 жылы жасалды. CРT-D немесе СРТ-Р (дефибрилляция функциясысыз) - ең күрделі және қымбат операциялардың бірі, бірақ пациенттер үшін бұл мүлдем тегін.
Үдемелі созылмалы жүрек қызметі жеткіліксіздігі бар науқастар үшін CРT-D имплантация – кардио-қайта синхрондау құрылғысы, жүрек ырғағын басқаруға, құрылғының синхрондау функциясы арқылы жүректің сору қызметін жақсартуға және өмірге қауіп төндіретін аритмияның алдын алуға арналған.
Операция шамамен 2-3 сағатқа созылады. Ол жергілікті анестезиямен жасалады. Оны жүзеге асыру үшін жас шектеулері жоқ.
Алматы облысынан келген, 83 жастағы Оңалбек Мақашев Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық блокадасы аясында жүрекшелердің тұрақты фибрилляциясымен зардап шеккен, бұл сору қызметі төмен созылмалы жүрек қызметі жеткіліксіздігі аясында аурудың асқынған ағымы кенеттен жүрек өліміне әкелуі мүмкін (шығару фракциясы 30%). Оның жүректің ишемиялық ауруы және қант диабеті сияқты қосымша аурулары болды.
«2023 жылы біз ол кісіге СРТ-Д имплантацияладық. 2 жылдан кейін де ол өзін жақсы сезінеді. Өмір сүру сапасы жақсарды. Сондай-ақ, медициналық көмекке жүгіну жиілігі төмендеп, негізгі ауруына байланысты ауруханаға жатуы да азайды», - дейді жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бөлімшенің меңгерушісі Бағдат Ахыт.
«Зерттеулерге сәйкес, «бивентрикулярлық» кардиостимуляторы бар емделушілерде диагноз қойылғаннан кейін өмір сүрудің жақсы көрсеткіштері байқалады. Орташа өмір сүру ұзақтығы жалпы денсаулыққа, жасына және өмір салтына байланысты шамамен 8,5–20 жылға артады», - дейді дәрігер.