Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында шеберлік класс аясында еліміздің интервенциялық кардиологтарының қатысуымен Испания - Хосе Ф.Диас Фернандес және Австрияның - Аурель Тома сияқты жетекші интервенциялық кардиологтардың жетекшілігімен соңғы буын өздігінен кеңейетін клапан орнатуымен (Алматыда алғаш рет) TAVI операциялары және дәрі-дәрмекпен қапталған баллондарды қолдануымен күрделі араласулар жасалды.
Инновациялық TAVI әдісі қолқа қақпақшасының ашық хирургиясы кезінде асқынулар мен өлім қаупі жоғары ауыр қолқа стенозы бар науқастарға арналған. Оның бірегейлігі - әдістің инвазивті сипатында ғана емес, сонымен қатар имплантацияланған клапандарда.
Транскатетерлі қолқа қақпақшасын имплантациялау жүйесі соңғы буын өздігінен кеңейетін клапаннан және икемді жеткізу жүйесінен тұрады. Навитор - өздігінен ашылатын жалғыз клапан. Бұл сипаттамалар имплантацияның оңтайлы тереңдігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қайта жасалатын операциялар қаупі айтарлықтай төмендейді. Клапанның артықшылықтары - қауіпсіз операциялар жасауға, ең жақсы клиникалық нәтижелерге қол жеткізуге және пациенттің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.
Екінші шеберлік класының қатысушылары коронарлық артериялардың зақымдануының күрделі жағдайларын емдеудің озық әдістерімен танысудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Дәрі-дәрмек шығаратын баллондарды қолдану көрсеткіштерін кеңейту - жетекші интервенциялық кардиологияды трендтердің бірі. Егер бұрын олар негізінен рестеноздар үшін қолданылса, бүгінгі күні жақсы клиникалық нәтижелер беретін созылмалы окклюзиялар үшін тиімді қолданылады. Әлемдік медициналық зерттеулердің соңғы нәтижелері кейбір жағдайларда коронарлық стентсіз жасауға болатынын көрсетті.
«Біздің испандық және австриялық әріптестеріміз - әлемдегі ең танымал мамандар. Біз оларды инновациялық технологиялармен алмасуға шақырдық. Қазақстанның медицинасы әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларынан қалмай, заман ағымына сай ілгері жылжып келеді. Мұндай күрделі операцияларды хирургиялық әдістерді шеберлікпен меңгерген мамандар ғана жасайды. Бізде жоғары білікті мамандар мен қажетті құрал-жабдықтар бар», - деді басқарма төрағасы Марат Пашимов.
«Біз осындай операцияларды жасаймыз және біздің институт басшылығының барлық қажетті шығын материалдарымен қамтамасыз етуінің арқасында оларды жоғары деңгейде орындай аламыз. Операциядан кейін жүрек толық жұмыс істейді. Науқастар ауырсынудан, қатты ентігуден құтылады, олардың өмір сүру сапасы жақсарады», - деп, атап өтті рентгеноперблоктың меңгерушісі Алексей Колесников.
4 ота жасалды, барлығы сәтті өтті. Оның ішінде 84 жастағы науқас та бар. Ол кісі 2-қабатқа көтерілгенде ентігіп, тыныштықта да жүрек соғысы жиілеп, қан қысымы көтеріліп, тұрғанда басы айналған. Қазір өзін жақсы сезінеді, дәрігерлер: Алексей Евгеньевичке, Виталий Сергеевичке алғысын жаудырды. Ал 77 жастағы науқас, 10-20 метр жүргенде де ауа жетпей қалатын, тұншығып, тез шаршап қаламын, басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім, қазір өзімді әлдеқайда жақсы сезінемін, дәрігерлер: Алексей Колесников, Әсел Ілиясоваға алғысым шексіз, дейді.