Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ гастроэнтерологиялық бейін бойынша да пациенттерді диагностикалау және емдеуге маманданған, ол ойықжаралы колит, Крон ауруы, целиакия сияқты ішектің қабыну аурулары. Клиникада дифференциалдық, сәулелік, эндоскопиялық, антиденелік диагностика, ішектен тыс көріністердің диагностикасы жүргізіледі. Пациенттерді емдеуде цитостатиктер және гендік-инженерлік биологиялық терапия сәтті қолданылады.
Мысалы, А. атты науқас өткен жылдың тамыз айынан бастап стационар жағдайында гастроэнтерологтардың бақылауында болды.
«Пациент тәулігіне 5 ретке дейін жиі қан аралас нәжіске, табан, арқа, бас және сол жақ құлақ қалқаны жағындағы шырыш пен іріңнің болуына, соңғы 3 айда дене салмағының 5 кг-ға төмендеуіне, фалангалардағы ауырсынуға шағымданды. Науқас таяқтың көмегімен қозғалды», - дейді №1 терапия бөлімшесінің дәрігер гастроэнтерологы Зухра Ағзамова.
Емдеуші дәрігердің айтуынша, қосымша зертханалық, аспаптық, эндоскопиялық тексеруден кейін ойық жаралы колит, қалыпты белсенділіктің жалпы зақымдануы деген диагноз қойылды, Мейо индексі (ішектегі қабыну процесінің белсенділігінің көрсеткіші) 7 балл болды. Қандағы тромбоциттер құрамының жоғарылауымен сипатталатын салдарлық тромбоцитоз анықталды. Ол денсаулықтың нашарлауына байланысты пайда болады. Сондай-ақ, ішектен тыс көрініс: гангренозды пиодермия – жиі жүйелі аурумен байланысты болатын үдемелі тері некрозы анықталды.
Дәрігерлер базистік және гендік-инженерлік биологиялық терапияны таңдап, соның арқасында науқастың жағдайы жақсарды, нәжісі қалыпқа келді, жаралар жазылды, буындардың ауырсынуы тоқтады, жалпы жағдайы жақсарды. Институттың мамандары стандартты терапия нәтиже бермеген жағдайларда гендік-инженерлік биологиялық терапияны сәтті қолданып жүргенін айта кету керек. Ол органдар мен тіндерге зиянды әсер ететін негізгі цитокиндерге мақсатты әсер етеді. Емдеудің инновациялық әдістері пациенттердің өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартады.
Науқастың өзі клиника дәрігерлеріне алғыс айтудан жалықпайды. «Қазір мен таяқсыз жүремін, белсенді өмір салтын ұстанамын, сүйікті жұмысыма оралдым және көп саяхаттаймын», - дейді пациент.
Ойық жаралы колит - тоқ ішек пен тік ішектің бетіндегі қабыну мен ойық жараларды қамтиды. Ішектің қабыну аурулары адамның өміріне қауіп төндіруі мүмкін.