Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ резиденттері Астана қаласында «Жүрек орталығы» қоры ұйымдастырған резиденттер арасында өткен «Білім, дағды, қызмет» атты республикалық олимпиадаға қатысты. Зияткерлік іс-шараға Қазақстанның өңірлерінен 18 команда қатысты.
1 курс резидент-кардиологтарынан құрылған команда: Вилдана Минеева, Дамира Казез және Арайлым Кенжегулова 4 орынды иеленіп, 500 мың теңге сомасына travel-грантты жеңіп алды.
Резиденттеріміз оқудың бірінші жылынан бастап өздерін жақсы жағынан көрсетуге, жаңа білімге ұмтылуға, практикалық дағдыларды меңгеруге тырысып, қазірдің өзінде жетістіктерге жетіп жатқанына қуаныштымыз. Біз олардың жоғары білікті және сұранысқа ие маман болуларына тілектеспіз!
Барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!