Сәуір айында ТМД аумағында алғаш рет бізде Сауд Арабиясының профессоры Мұхамед Саллах Алрешхиданмен бірге екі пациентке жүректің қолқа қақпақшасын ауыстыру үшін жаңа үлгідегі «Avalus» биологиялық протезі имплантацияланды. Асқыну қаупі жоғары науқастарда, сондай-ақ егде жастағы адамдарда жүрек клапандарының биологиялық протездерін қолданған жөн. Бұл клапандардың маңызды артықшылықтарының бірі - қанды сұйылтатын дәрілерді - антикоагулянттарды өмір бойы қабылдамайды. Клапанның қызмет ету мерзімі әдеттегіден ұзағырақ. Бұл қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы біздің кардиохирургтар екінші LVAD операциясын жасады. Операцияға дейін науқас жансақтау бөлімінде 3 рет жатып, ауруханаларда ұзақ уақыт емделген. Бірақ нәтиже болмаған. Бұрын олар резервтік мүмкіндіктер қанша мүмкіндік берсе, сонша өмір сүретін. Бұл қазір адамдарға өмір сүруге мүмкіндік береді. Имплантациядан кейін жүрек қызметі жеткіліксіздігінің белгілері басылады. Бұл операция - ең қымбат операциялардың бірі, бірақ біздің елімізде ол МӘМС қаражаты есебінен тегін жасалады. Мұндай операциялар қымбаттығына байланысты барлық елде жасалмайды. Біз осындай операцияларды жасайтынымызды мақтан тұтамыз.
Осы жылдың шілде айында біздің клиникада атақты кардиохирург Юрий Пяның тікелей басшылығымен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығымен бірлесіп Алматыда алғашқы донорлық жүрек трансплантациясын жасадық. Органдарды трансплантациялау операциялары медициналық персоналдың жоғары біліктілігін, көп қырлы және ұзақ мерзімді оңалтуды қажет етеді.