Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да 1977 жылы негізі қаланған күннен бастап денсаулық сақтаудың ғылыми және практикалық кадрларын дайындауда. Мұнда дәрігерлер біліктілігін арттырады, қайта даярлаудан және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алады. КІАҒЗИ - резидентура арқылы ішкі аурулар саласында кадрлар даярлаудың клиникалық базасы.
Жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті құрылды, оның кафедраларын белгілі ғалымдар, практикалық дәрігерлер, денсаулық сақтаудың ұйымдастырушылары басқарады. Ондаған жылдар бойы институтта дәрігерлік кадрлар (дәрігер, оқытушы, ғалым бір тұлғада) ұтымды пайдаланылып келеді, бұл олардың материалдық және кәсіби тұрғыда ынталануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде ғылым, клиника және білім берудің үштұғырлығының халықаралық қағидаты сақталады.
Ағымдағы жылы ҒЗИ Еуразиялық аккредиттеу және білім беру мен денсаулық сақтау сапасын қамтамасыз ету орталығы (ЕАО) тарапынан білім беру қызметін бағалаудан өтті.
«Ересектер мен балалар гастроэнтерологиясы, ревматология, аллергология және иммунология, пульмонология, сондай-ақ терапия бойынша білім беру бағдарламалары аккредиттелді», - дейді Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
ЕАО атынан Орталықтың бас директоры МВА, м.ғ.д., профессор Сәуле Сәрсенбаева КІАҒЗИ бірінші басшысын және бүкіл ұжымды, бөлімше басшылары мен оқытушыларды мамандандырылған аккредиттеуден өтуімен құттықтап, ҒЗИ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етудегі жетістіктерін, сондай-ақ, Қазақстандағы үздік медициналық ғылыми институттардың бірі ретінде орнықты дамуын көрсеткенін атап өтті.
Басқарма төрағасының орынбасары Джамиля Қайбуллаеваның айтуынша, оң сараптамалық бағалауға бірінші кезекте институттың корпоративтік құндылықтары, сондай-ақ бірқатар мамандықтар бойынша резидентураның білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін клиникалық базалардың бірегейлігі ықпал етті.
Сарапшылар дәрігерлік практика мен ғылымдағы озық инновациялық технологияларды, түлектерге сұраныстың жоғары деңгейін, сондай-ақ білім беру саласындағы тұрақты жетілдіру процесін атап өтті. Олардың жұмыс берушілермен және түлектермен өткізген әңгімелесулері мамандардың дайындығы мен кәсіби білім алу сапасына жоғары бағасын көрсетті. Жұмыс берушілердің пікірінше, ҒЗИ резидентурасының түлектері білімнің, практикалық дағдылар мен біліктілігінің жақсы деңгейін көрсетеді.
«Ұлы орыс хирургі Николай Пирогов: «Басқалардың бақытына ие болу — бұл нағыз бақыт және дәрігерлік мамандықты таңдаған адамның мұраты», - деген еді. Ең қажетті және игі мамандықты таңдаған біздің резиденттеріміз бен жас мамандарымыз дәрігер атағына лайық болып, халықтың денсаулығының сақшысы болатынына сенімдімін», - деп атап өтті Марат Орынбасарұлы.