Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да клиниканың интервенциялық және ангиохирургтары, кардиологтары үшін стент-графт имплантациялау бойынша операция жүргізумен мастер-класс өтті. Кеуде аортасының қабыршақтайтын аневризмасы бар 71 жастағы пациентке операцияны рентгенхирург Бауыржан Орманов жасады.
Доктордың айтуынша, аортаға (қолқаға) эндоваскулярлық стент - графт имплантациясы – бұл асқыну қаупін едәуір төмендететін және пациенттердің оңалту уақытын қысқартатын ашық хирургияға минималды травматикалық балама.
ҒЗИ-да эндоваскулярлық технологиялар сәтті қолданылатынын атап өту керек. Рентген блоктары арнайы рентгенографиялық жабдықтармен және заманауи микрохирургиялық құралдармен жабдықталған. Операцияларды кез-келген күрделіліктегі патологияларға эндоваскулярлық хирургиялық араласудың мол клиникалық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар жасайды.
«Артериялық гипертензия, атеросклероз, Марфан синдромы, Эхлерс Данло сияқты тұқым қуалайтын кейбір ауруларда немесе жасы ұлғайған сайын аорта қабырғасы әлсіреп, қан қысымымен ісініп, аневризма түзуі мүмкін. Ол өсіп келе жатқанда, аорта қабырғасы қабыршақтануы және/немесе жарылуы мүмкін, бұл ішке қан кетумен бірге жүреді. Мұндай асқыну өмірге қауіп төндіреді және шұғыл медициналық араласуды қажет етеді», - деп түсіндіреді Бауыржан Қосжанұлы.
Кеуде аортасының аневризмасы ерлер арасында жиі кездеседі. Маңызды қауіп факторларына темекі шегу де жатады.
Минималды инвазивті процедура, оның барысында өзгертілген аневризмалық бөлігіне металл қаңқасы бар синтетикалық түтік болып табылатын стент-графт орнатылады.
Бұл кеуде қуысының үлкен кесілуін, жалпы анестезияны және жасанды қанмен қамтамасыз ету аппаратын қосуды қажет етпейді. Тек жамбастың жоғарғы бөлігінде кішкене тілік жасалады, стент-графты жамбас артериясы арқылы аортаның ішкі тамыр арнасының тұтастығы мен тығыздығын қалпына келтіру үшін аортаның қабыршықтанған немесе жарылған жеріне дейін жеткізіледі.
Операция шамамен екі сағатқа созылды. Пациентке 3-4 күннен кейін клиникадан шығуға болады.