Операцияны рентгеноперблок меңгерушісі Алексей Колесников, рентгенхирург Алмат Қалжанов, аритмологиялық қызметтің аға ординаторы Артур Абдымомунов, кардиохирург Мақсат Жақаев, Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының докторы Абдурашид Мұсаевпен бірлесіп жасады.
58 жастағы пациентте жүре пайда болған жүрек ақауы, митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі, жүректің ишемиялық ауруы анықталды. 3 жыл бұрын ол миокард инфарктісіне шалдыққан. Митралді қақпақшаның пластикасы, мамарокоронарлық және аортокоронарлық аутовенозды шунттау жасалған.
Ешқандай әсер болмағандықтан, оған митралді қақпақшаны транскатетерлік имплантациялау (TMVI) ұсынылды. Ол стандартты «ашық» операциялар хирургиялық тәуекелдермен байланысты болған жағдайда қолданылады.
«Біздің клиникада соңғы 3 жылда қолқа қақпақшасын эндоваскулярлы имплантациялау (TАVI) бойынша жоғары технологиялық операциялар сәтті жасалып жүр, ал техникалық жағынан озық және күрделі операциялардың бірі саналатын митралді қақпақшаны транскатетерлік имплантациялауды (TMVI) біз алғаш рет жасадық», - дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
«Астана қ. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басшылығы мен докторларына қолдау көрсеткені үшін ризашылық білдіреміз. Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету үшін біз олармен тәжірибе, инновациялар және технологиялар алмасу бойынша ынтымақтастық орнаттық», - деп бөлісті ҒЗИ бірінші басшысы.
Митралді қақпақшаны протездеу митралді стенозды емдеудің негізгі әдісі. Сондай-ақ, имплантациялау митралді қақпақшаның жеткіліксіздігі - қақпақшаның қанды кері өткізген жағдайда жасалады.
Рентгеноперблоктың меңгерушісі Алексей Колесниковтың айтуынша, митралді қақпақшаның эндоваскулярлық протездеуі - митралді стенозбен ауыратын науқастарды хирургиялық емдеудің оңтайлы түрі, себебі мұндай диагнозы бар науқастарға дәстүрлі хирургиялық операциялар жасағанда өлім қаупі жоғары болады. Бұл операция митралді ақауы бар қан тамырларының зақымдануы, өкпенің, бауырдың созылмалы аурулары, эндокриндік патология, онкология сияқты күрделі ауруларға шалдыққан науқастарға көрсетілген.
Митралді қақпақшаны ауыстыру үлкен хирургиялық кесулерсіз, жасанды қан айналымы мен жалпы наркозсыз, рентгендік бақылаумен санның көктамырын тесу арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияның артықшылықтарының бірі - төс сүйегін тілу әсерлерін, яғни, қан жоғалту, пациенттің ауырсыну синдромының қарқындылығын, операциядан кейінгі тігіспен байланысты инфекция қаупін азайтады. Эндоваскулярлық технологияны қолдану пациенттердің оңалту кезеңін де едәуір қысқартады.
Қазір пациент өзін жақсы сезінеді.