Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да эхокардиографияның жаңа технологиялар бойынша шеберлік класы өтті

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да эхокардиографияның жаңа технологиялар бойынша шеберлік класы өтті

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да эхокардиографияның жаңа технологиялары - жүрек ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы, оның ішінде созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігінің диагностикасы (strain, 3-4D көлемді кескіндер, ультрадыбыстық диагностикадағы жасанды интеллект) бойынша ультрадыбыстық диагностика саласындағы жетекші ресейлік маманның, GE HealthCare компаниясының ультрадыбыстық клиникалық оқыту бағыты басшысының қатысуымен шеберлік класы өтті.

Оқуға институттың, Алматы, Тараз, Шымкент, Семей қалаларының, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика дәрігерлері, кардиолог, терапевт дәрігерлер қатысты.

Шеберлік класының барысында қазақстандық мамандар Vivid Е95 заманауи ультрадыбыстық аппаратында жұмыс істеуге үйренді.

Vivid E95 – бұл кардиологиядағы миокард деформациясын диагностикалау, сол және оң қарыншалардың құрылымдық және функционалдық өзгерістерін сараптамалық диагностикалық дәлдікпен бағалау сияқты күрделі мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін премиалдық кардиоваскулярлық диагностикалық жүйе.

Ресейлік маман бөлімше дәрігерлеріне кескінді оңтайландыру принциптерін, толық сандық талдауды, көлемді эхокардиография деректерін алу технологиясын үйретті.

Барлық сканерлеу режимдерінде жоғары ажыратымдылық, допплер режимдерінің сезімталдығы және мамандандырылған бағдарламалық жасақтама архитектурасы жүрек ауруларының дәл диагностикасын қамтамасыз етеді. Кескінді қалыптастыратын заманауи платформа бастапқы бейнелеу сапасына қарамастан барлық пациенттерді тексеруге мүмкіндік береді, бұл қымбат диагностикалық әдістерді (МРТ, КТ) пайдалануды едәуір төмендетуі мүмкін. Мультиорталықты зерттеулер дәстүрлі жүйелермен салыстырғанда бейнелеу сапасының 40-42% жақсарғанын көрсетті.

Шексіз сандық арналар мен динамикалық диапазонды пайдалану барлық ақпаратты жоғалтпай өңдеуге мүмкіндік береді, бұл жоғары сапалы сараптамалық деңгейдегі кескінді қалыптастырады, әсіресе көлемді эхокардиография үшін өте маңызды.

Кәдімгі ультрадыбыстық сканерлермен салыстырғанда, жүйеде сандық бағалаудың жаңа функциялары және дәрігердің жұмысына ыңғайлы болу үшін көптеген жаңалықтар бар, бұл кардиологиялық патологиясы бар науқастарға сапалы және тиімді диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Мұндай шеберлік кластар мамандарға теориялық білім алуға, пациенттерге қажетті көмек көрсету үшін практикалық дағдыларды жетілдіруге және ең жоғары деңгейде зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретіндігін айта кету керек.