Тәжірибелік сабақтарда ҚазОРҒЗИ сәулелік диагностика бөлімшесінің рентгенолог дәрігері, Ішектің қабыну ауруларын диагностикалаудың радиологиялық әдістері кафедрасының ассистенті, PhD Диас Төлешбаев пациентті магнитті-резонанстық энтерографияға қалай дайындау керектігі және аш ішек ауруларына сәулелік диагностика жүргізудің техникалық ерекшеліктері туралы айтып берді. Ол зерттеу жүргізу алгоритмін түсіндірді.
Оқыту барысында тыңдаушылар магниттік-резонанстық томограммалардағы Крон ауруының негізгі көріністерімен танысып, барлық сұрақтарына толық жауап алды.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эндоскопия курсымен гастроэнтерология және гепатология кафедрасының доценті, м.ғ.к. Жәмиля Қайбуллаева тыңдаушыларды ішектің қабыну ауруларының түпкі нәтижелерін диагностикалаудың сәулелік әдістерімен таныстырды.
Спикерлер МР-энтерография жүргізумен және Крон ауруы мен ойық жаралы колиттің клиникалық жағдайларын, ішектің қабынбалы аурулары мен ішек туберкулезінің асқынған түрлерін талдаумен тәжірибеде теориялық бөлімді бекітуге баса назар аударды.
Мұндай форматтағы іс-шаралар Қазақстанда ішектің қабыну ауруларына шалдыққан пациенттердің менеджментін жақсартуға, мамандар мен пациенттердің ІҚА алдын алу, диагностикалау және емдеу туралы хабардарлығын арттыруға мүмкіндік береді.