Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да сол жақ жүрекше құлақшасының окклюдерін импланттау операциялары сәтті жасалуда

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да сол жақ жүрекше құлақшасының окклюдерін импланттау операциялары сәтті  жасалуда

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмологтары сол жақ жүрекше құлақшасының окклюдерін импланттау бойынша операцияларды сәтті жасап жұр.



Окклюдер – нитинолдан жасалған арнайы қондырғы. Оның торлы құрылымы мен «қолшатыр» формасы бар. Окклюдерді импланттау кезінде сол жақ жүрекше құлақшасына кіру жабылады.



«Осылайша біз қанның құлақша қуысына түсуіне және тромбылардың пайда болуына жол бермейміз. Имплантттаудан кейін аз уақыттан кейін пациент инсульт алу қаупінсіз антикоагулянттарды қабылдаудан мүлдем бас тарта алады. Бұл операция сан тамыры арқылы пункция жасай отырып жасалады және қауіпсіз аз инвазивті процедура болып есептеледі», - дейді клиниканың жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылыстары бөлімшесінің аритмолог дәрігері Артур Әбдімомынов.



Сол жақ жүрекше құлақшасы – өз қуысында тарақ пішінді бұлшықеттері бар соқыр қалта. Жүрекше бұлшықеттері тиімді жиырылмағанда, жыбырлақ аритмия кезіндегі сияқты, құлақша қуысында қан тоқтайды және қан ұйығышын қалыптастырады.



Артур Каныбекұлының айтуынша, «жыбырлақ» аритмия деп аталатын жүрекше фибрилляциясы – ең кең таралған жүрек ырғағының бұзылысы. «Осы ауруға шалдыққандар саны артып келеді, сондықтан да аритмияның жағымсыз әсерлерінен қалай сақтану керектігін  бәріміз білуіміз керек» - дейді дәрігер.



Жүрекше фибрилляциясының ең ауыр асқынуы – кардиоэмболитикалық инсульт. Жыбырлақ аритмия кезінде жүрек қуысында, оның ішінде көбіне сол жақ жүрекше құлақшасында тромб пайда болуы мүмкін. Ол жүйелі қан ағымына түсе отырып, ми және басқа өмірлік маңызды ағзаларды қоректендіретін артерияны бітеп қалуы мүмкін.



Статистика бойынша, барлық инсульттардың 30%-ы жыбырлақ аритмияның салдарынан болады. Осындай аритмиясы бар барлық пациенттер бұл асқынулардың алдын алуы үшін тромбты болдырмайтын арнайы препараттар, антикоагулянттар қабылдайды. Алайда пациенттердің барлығы түрлі себептермен антикоагулянттарды қабылдай алмайды, мұндағы ең басты себеп – қан кету. Сонымен қатар, ишемиялық инсультке шалдыққан пациенттерде қайталанатын инсульт қаупі жоғары.



 Мұндай жағдайларда дәрігерлер сол жақ жүрекше құлақшасы окклюдерін импланттауға кеңес береді.