Бүгін, Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеуге орай Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да Басқарма Төрағасы Марат Пашимовтың журналистермен кездесуі өтті.
Марат Орынбасарұлы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтап, Алғыс хаттарды табыстай отырып, журналистерге өз ризашылығын білдіріп, жақсы жаңалықтар, жарқын ақпараттық себептер мен шығармашылық шабыт тіледі.
«Сіздер және осы саладағы әріптестеріңіз еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін, яғни туылғаннан бастап соңғы дем алғанға дейін еліміздің барлық тұрғындарының денсаулығын қамтитын денсаулық сақтау жүйесінің өзекті және түйткілді мәселелерін қозғап, жарыққа шығарып отырасыздар. Сіздердің тікелей қатысуларыңызбен денсаулық сақтау саласын дамытуға қатысты барлық жаңалықтар халыққа жедел жеткізіліп отырады», - деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.
Кездесуге қатысушылар арасында Хабар24 Алматы филиалының бас редакторы Алма Оразбаева, «Қазақстан» ТА Алматы студиясының бас шеф-редакторы Жазира Бердібекова, «Алматы» телеарнасының редактор-үйлестірушісі Шынар Сатыбалдиева, Zakon.kz ақпараттық агенттігінің продюсері Дұман Қапасов, «Алатау» ТА бас редакторы Олжас Уалиев, «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігінің тілшісі Алма Муқанова, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің аға тілшісі Айнаш Есали, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Ескендір Рая, «Информбюро» ААП тілшісі Буенбай Қарлыга, «Baq kz» ақпарат агенттігінің тілшісі Тұрлығазы Ақтолкын, «Оптимизм» ақпараттық порталының бас директоры Сочнев Сергей, Nur.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Абрамова Юлия, ақпарат агенттігінің фототілшісі - Третьяков Владимир және т.б. болды.
Журналистер өз кезегінде клиника басшылығына алғыстарын білдірді.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!