Ағымдағы жылдың шілде айында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мен «Сунчонхян» университеттік медициналық орталығы (Оңтүстік Корея, Пучон қ.) арасында жасалған Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде институт базасында 2024 жылғы ақпанда Халықаралық телемедицина орталығы өз жұмысын бастайды.
«Терапия саласында (гастроэнтерология, эндокринология, пульмонология, ревматология, нефрология және т.б.) бірлескен консультациялар өткізу жоспарланып отыр. Телебайланыс жетекші қазақстандық және корейлік дәрігерлермен бірлесіп еліміздің барлық өңірлерінен бізге келетін ауыр науқастарға және өңірлердегі клиникаларға консультациялық-емдік көмек көрсетуге мүмкіндік береді», - деп бөлісті КІАҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.
«Біздің және шетелдік дәрігерлердің Қазақстанның басқа өңірлерінің медициналық мекемелері мен дәрігерлерімен онлайн-консилиумы күрделі пациенттерді емдеуге қатысты қандай да бір шешім қабылдауға көмектеседі», - деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.
Оқытушылармен, білім алушылармен, ғылыми және медициналық қызметкерлермен өзара алмасу туралы келісім шеңберінде ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының ассистенті, гастроэнтеролог дәрігер Балжан Нұғманова ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Сунчонхян» университеттік медициналық орталығында тағылымдамадан өтті.
Осы және басқа да бағыттағы жұмыстар жалғасады.