Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ күндізгі стационарында 2023 жылы 3128 пациент емделді, 2022 жылы – 2084, яғни 2022 жылмен салыстырғанда 1044-ке артық.
2023 жылы, өткен жылдардағыдай, пациенттердің ең көп пайызы қанайналымы жүйесі аурулары бар науқастар болды, оның ішінде: жүректің ишемиялық ауруы бар науқастар ем қабылдады.
Күндізгі стационарда мидың МРТ және жүрек тамырларының МСКТ жасалуына байланысты 2022 жылмен салыстырғанда жүректің ишемиялық ауруы және артериялық гипертензия диагнозы қойылған науқастар 4 есе көп болды.
Екінші орында - ас қорыту жүйесі аурулары, бұл негізінен биологиялық терапия алатын науқастар. Содан кейін сүйек-бұлшық ет жүйесі мен тыныс алу органдары аурулары және тері мен тері астындағы тіндердің аурулары бар науқастар.