Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кафедралары мен құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, жас ғалымдар мен резиденттердің назарына!

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кафедралары мен құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің, жас ғалымдар мен резиденттердің назарына!

КІАҒЗИ медицина мен денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді орындау үшін институт қызметкерлері немесе ұжымдары арасында гранттар бөледі.

Гранттық зерттеулерді іске асыру мерзімі: 18-24 ай. Грант институттың өз қаражатынан қаржыландырылады.

Конкурстың мақсаты:

- институтта ғылыми-зерттеу қызметін дамыту;

- ҒЗИ ғылыми әлеуетін дамытуға ықпал ету;

- ғылыми-зерттеу саясатының инновациялық негізін құру;

- жаңа перспективалы ғылыми бағыттарды дамыту.

Конкурс 3 кезеңнен тұрады:

1.       Өтінімдерді қабылдау.

2.       Институт Басқарма төрағасының төрағалығымен сараптама комиссиясының өтінімдерді қарауы. Қажет болған жағдайда тәуелсіз сарапшылар тартылатын болады.

3.       Ғылыми кеңестің отырысында өтінімдерді қарау.

Әлеуетті орындаушы келесі біліктілік талаптарына сай болуы тиіс:

  • Зерттеу жүргізуде кәсіби біліктілігі, жұмыс тәжірибесі болуы;
  • Жоба бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарының болуы.

Өтінімдерді қағазға шығарылған нұсқада 2 данада КІАҒЗИ ғылыми зерттеулер менеджменті бөліміне 315 кабинетке әкелу қажет, эл. пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., тел.: 272-58-70 (Әйтеке би көшесі, 120).

Конкурстың тәртібі мен ұйымдастырылуымен, конкурстық құжаттаманың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптармен, конкурстың шарттарымен институттың сайтында: https://ncvb.kz/nauka/nauchno-tekhnicheskie-programmy-i-granty, ҒЫЛЫМ тарауы, ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ГРАНТТАР бөлімінде танысуға болады.