Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ операция жасау блогы мен жасанды қанайналым зертханасы бар кардиохирургия бөлімшесінде кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалады.
2020 жылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС шеңберінде 328 кардиохирургиялық араласулар орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 93 операцияға артты (2019 жылы – 235).
Кардиохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Рүстем Төлеутаевтың айтуынша, жүрек ырғағы бұзылыстарының ең көп таралған түрі мен қауіптісі - жүрек кемістігі және жүректің ишемиялық ауруларымен (ЖИА) жиі бірігетін жүрекшелер фибрилляциясы. Мұндай жағдайларда жүрек ақауларын жүрек қақпақшаларына пластика қою және алмастыру немесе коронарлық шунттау - пациенттің өмір сүру сапасын қалпына келтіре қоймайды. Олардың өмір сүру сапасы жүрек кемістігі, ЖИА және жүрекшелер фибрилляциясын бір мезетте емдеген жағдайда жақсарады.
«2020 жылдан бастап біздің бөлімшеде жүректің қақпақша кемістігі немесе ишемиялық ауруымен бірге жүрек ырғағының бұзылыстарын емдеу үшін ашық жүрекке криоабляция операциясы жасалып келеді. Біздің клиника осы технология бойынша Қазақстанда бірегей болып табылады. Қазіргі таңда пациенттердің ауыр санатына көмектесе отырып, біз осы технологияны сәтті қолданып келеміз»,- дейді Рүстем Мұхтарұлы.
Институттың хирургиялық қызметінің басшысы: «Бізде сонымен қатар жүрек қақпақшаларын алмастыру және пластика қою, туа біткен жүрек кемістігін түзету бойынша аз инвазивті операциялар жасаудың мол тәжірибесі бар. Аорта қақпақшаларын сақтай немесе ауыстыра отырып, аортаны алмастыру бойынша операциялар жасаймыз» деп атап өтті.
Кардиохирургтар командасының тәжірибесі жүрекке ең күрделі операцияларды жасауға мүмкіндік береді. Жүрекшенің сол жақ құлақшасын клиптей отырып торакоспиялық радиожиілікті абляция, сонымен қатар жүрекше фибрилляциясы және тромбоэмболиялық асқынулары мен инсульттің жоғары қаупі бар пациенттерге оқшауланған торакоспиялық клиптеу операциялары жасалады. Жүрек ісігі болған жағдайда операциялар стандартты да, сонымен бірге кеудені кеспей азинвазивті әдіспен де жасалады.
Кардиохирургия бөлімшесінің аортокоронарлық шунттау кезіндегі тағы бір ерекшелігі -шунттар бойынша қан ағымын өлшеу және операция кезінде олардың сапасын анықтау, бұл шунттар жұмысының ұзақ мерзімділігіне кепілдік беруге ықпал етеді.
Қосалқы патологиясы бар пациенттерде кездесетін күрделі жағдайларда, стандартты технологияларды қолдану жоғары қауіппен байланысты болған кезде, жасанды қанайналымның «жабық контуры» жаңа технологиясын қолдана отырып операциялар жасалады. Мұндай операциялар қауіптерді азайтуға және операциядан кейін пациенттің денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Операциядан соң және көрсеткіштер қалпына келтірілгеннен кейін пациент күшін қалпына келтіру және қалыпты өмірге қалыптасуы үшін реабилитация бөлімшесіне ауыстырылатындығын айта кеткен жөн, себебі оңалту шаралары қаншалықты уақытылы жасалса, соншалықты адам жылдам сауығып кетеді. Тіпті осы кезеңдерден өткен соң да пациенттер бір айдан кейін оңалтудың 2-ші кезеңінен өту үшін ауруханаға жатқызылады, мұнда барлық анализдері бақыланады, медицина қызметкерінің бақылауымен дене қимылы жүктемелерінің режимі кеңейтіледі.
Бөлімше мамандарының біліктілігі, заманауи материалдық-техникалық жабдықталуы және медициналық сертификаттармен дәлелденген ең сапалы шығыс материалдарының болуы жүрек ауруы бар пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасының жоғары болатындығын айқындайды.