Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мен ГЕРОФАРМ компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы келісім жасалды

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мен ГЕРОФАРМ компаниясы арасында Ынтымақтастық туралы келісім жасалды

24 желтоқсанда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының алаңында Институт пен ГЕРОФАРМ компаниясы арасындағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар қант диабетін диагностикалау және емдеу саласында тиімді жобаларды әзірлеу үшін ғылыми және білім беру ортасын құруға бағытталған кешенді өзара іс-қимылды жоспарлады. Ең алдымен, ынтымақтастық білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламалары үшін кадрлар даярлауға бағытталады. Бұл эндокринология саласында жұмыс істейтін мамандарды оқытудың жоғары сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Халықтың қант диабеті және оның салдары туралы хабардарлығын арттыруға көмектесетін бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру көзделген. Өзара іс-қимылдың маңызды бөлігі конференциялар, семинарлар және басқа да ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру болады, онда мамандар қант диабетімен ауыратын науқастардың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал ететін өзекті ақпаратпен алмасады.

Сонымен қатар, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ мен ГЕРОФАРМ қант диабеті және семіздікке шалдыққан науқастарды терапиялық оқыту үшін әдістемелік база құруға ниетті. Бұл бағыт дәрігерлер мен мейіргерлер үшін оқыту іс-шараларын дайындау мен өткізуді, сондай-ақ терапиялық оқыту бойынша пилоттық жобаларды іске асыруды қамтиды.

«Меморандумға қол қою-серіктестік құрудағы маңызды қадам. Бірлескен күш-жігер пациенттердің хабардарлығын арттыруға, медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратын адамдардың өмір сүру деңгейін арттыруға жағдай жасауға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деп атап өтті Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

ГЕРОФАРМ экспорт бөлімінің басшысы Александр Нестеренконың айтуынша, білікті ғылыми, білім беру және зерттеу ортасын құру Қазақстанда қант диабетімен ауыратын науқастарды емдеуде және қолдауда нәтижелерді жетілдіруге ықпал ететін болады.