Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Пациент мектебінде жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысы бөлімшесінің мейіргері Гүлнара Керімқұлова қан қысымын қалай өлшеу керек, өзін-өзі бақылау күнделігін қалай жүргізу керектігі туралы айтып берді. Пациенттер импульстік қысым және т.б. туралы білді.
16 маусымда рентгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің аға мейіргері Айгерім Тлеулинова пациенттермен «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» тақырыбында, ал 17 маусымда кардиохирургия бөлімшесінің мейіргері Меруерт Төлеубаева «Жүрек анатомиясы, қақпақша аппаратының патологиясы» тақырыбында сабақ өткізді.