Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жапондық делегациясының сапары аясында Институттың Басқарма төрағасы Марат Пашимов және Kansai Electric Power Медициналық ҒЗИ президенті, профессор Yutaka Seino ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Профессор Yutaka Seino 2009 жылдан бастап қант диабеті бағытының халықаралық деңгейде ғылыми дамуына ықпал ете отырып, Қант диабетін зерттеу жөніндегі Азия қауымдастығының президенті болып табылады.
Тараптар жаңа медициналық технологияларды енгізуге, кәсіби білім беруді таратуға, бірлескен ғылыми зерттеулер мен бағдарламаларды іске асыруға, мамандардың біліктілігін арттыру саласында тәжірибе алмасуға, бірлескен конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, шеберлік кластары мен дөңгелек үстелдер өткізуге, білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін электрондық ресурстарды (онлайн-курстар, имитациялық тренажерлер) енгізуге ықпал ету жөніндегі келісімге келді.
Диабетология, эндокринология және метаболизм, ревматология және кардиология сияқты ынтымақтастықтың басым бағыттары анықталды.
Қонақтар сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшелерінде болып, оларға КІАҒЗИ-да бар ең соңғы буынның премиум класты медициналық жабдықтары мен аппараттары көрсетілді. Кардиохирургиялық бөлімшеде және рентгеноперблокта клиникада жүргізілетін кардиохирургиялық және жоғары технологиялық араласулар туралы айтылды.
Қонақтар №1 терапия бөлімшесіне ерекше қызығушылық танытты, онда эндокринология кафедрасының меңгерушісі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас эндокринологы Лаура Даньярованың жетекшілігімен еліміздің түкпір-түкпірінен эндокринологиялық бейіндегі пациенттердің аса күрделі контингенті емделеді. Сондай-ақ, ҒЗИ мамандары ел өңірлеріне белсенді ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетіп, жаңа технологияларды енгізу үстінде. Биыл КІАҒЗИ оңтүстік өңірлердегі пациенттерге қалқанша безінің түйіндерін радиожиілікті абляциялау әдістемесі жүргізіле бастады.
Институт үшін меморандум жасасу, эндокринолог – мамандардың ғылыми әлеуетті дамытудағы жаңа кезеңді білдіреді.