С.Асфендияров ат. ҚазҰМУ, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты және ҚР кардиологтар қауымдастығы Сіздерді 2024 жылғы 6-7 маусымда өтетін Қазақстан кардиологтарының XVI съезіне қатысуға шақырады.
Өткізілетін формат: гибридті (офлайн/онлайн).
🏨 Өтетін орны: Rixos Almaty, Алматы қ., Сейфуллин даңғылы, 506
Тіркелу сілтеме арқылы: ➡️https://cardio-assoc.kz/
Бірге өткізетін екі күн ішінде бізді мазмұнды ғылыми бағдарлама күтіп тұр 🎓
Қазақстандық және халықаралық спикерлердің баяндамаларын тыңдауға мүмкіндік аласыздар🌍
📋Біз жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау мен емдеу бойынша соңғы клиникалық нұсқауларды талқылаймыз.
🤝Қатысушылар конгрестің барлық ғылыми сессияларына белсенді қатысуға мүмкіндік алады:
📍Қазақстан кардиологтар қауымдастығы мен Еуропалық кардиология қоғамының (ESC) бірлескен отырысы
📍Артериалдық гипертония мен кардиоваскулярлық профилактика мамандарының қоғамымен бірлескен сессия
📍ҰКҒО созылмалы жүрек жеткіліксіздігі қоғамымен бірлескен сессия
📍«Балалардағы жүрек және қан тамырлары патологиясын диагностикалау және емдеудегі қиындықтар» ғылыми сессиясы
📍Жас ғалымдар байқауы
📍Резиденттер байқауы.