Ағымдағы жылы Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ клиникалық-диагностикалық зертханасы биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық зерттеулердің сапасын сырттай бағалау бойынша EQAS® Bio-Rad халықаралық бағдарламасына қатысып, сапа сертификатын алды.
Тестілеу нәтижелерін тәуелсіз бағалауды сыртқы сарапшылар жүргізеді. Сапаны сырттай бағалау бағдарламалары - бұл зертханалар өздерінің сынақ жүйелерінің жұмыс параметрлерін мерзімді бақылау үшін қолданатын құнды құрал.
Бұл жалпы ҒЗИ жұмысының сапасын басқару жүйесін дамытудағы кезекті маңызды қадам. Сапаны сыртқы бақылау бағдарламаларын пайдалану пациенттер мен дәрігерлерге алынған нәтижелердің дұрыстығына сенімділік береді.
EQAS Халықаралық сапаны бақылау жүйесі сапаны бақылау жүйесін әзірлеуде әлемдік көшбасшы болып табылатын Bio-Rad корпорациясы қолдайды. EQAS Bio-Rad бағдарламаларына әлемнің 70-тен астам елінің зертханалары қатысады.