«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс, деп, атап өтті.
Кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады.
Осы орайда бүгін біз Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 9 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан клинигтік қызметінің маманы Аида Нүсіпбаева туралы сөз қозғағымыз келеді.
Клиниканың кез келген бөлімшесінде, әсіресе реанимацияда санитардың жұмысы өте ауыр. Бұл тазарту жұмыстары, төсек-орын ауыстыру, қоқыс шығару, түрлі шаруашылық жұмыстар, мейіргерлерге көмектесу ғана емес, сонымен қатар ауыр, төсек тартып жатқан науқастарға күтім жасау және т.б.
Аида – жауапкершілігі мол, еңбекқор, қамқор жан. Ол эмпатия, жанашырлық, адамдарға көмектесуге дайын болу, ұқыптылық, тәртіптілік сияқты қарапайым адами қасиеттерімен ерекшеленеді.
Институттың клинигтік қызмет бөлімінің менеджері Гүлнәра Қойлыбаева: «Клинигтік қызмет мамандарының арнайы білімдері болуы керек. Аида аттестациядан өткен, сертификатталған маман. Ол «Медициналық мекемелердегі кәсіби клиниг: теория және тәжірибе» атты тиісті дайындықтан өтті. Аида өте мейірімді, жинақы және пысық».
Биыл Медицина қызметкері күні адал еңбегі үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Халық даналығы: «Тазалық – денсаулық кепілі» дейді. Кез келген медициналық ұйым санитарлық-эпидемиологиялық режимге бағынады. Олардың әрқайсысы пациенттер үшін ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер үшін де қауіпсіз, таза ортаны қамтамасыз етуі керек. Бұған кейіпкеріміз Аида Нүсіпбаеваның да зор үлесі бар.
Тағы бір айта кетерлігі, Аида екі баланың аяулы да ардақты анасы, сүйікті де сүйкімді, адал, қамқор жар, отбасының ұйтқысы және берекесі.