Ағымдағы жылғы 17 қаңтарда КІА ҒЗИ қызметкерлері созылмалы обструктивтік өкпе ауруы бойынша Ауруларды басқару бағдарламасының пилоттық жобасын енгізудің озық орталығы болып табылатын Алматы қаласы №4 емханасының дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді. Іс-шара барысында АББ-сын енгізу мақсатында науқастар арасында іріктеу жүргізілді және емдеу мекемесінің мамандарына ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Оқытудың мақсаты - Қазақстан Республикасында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың 2019-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын орындау болып табылады.
ӨСОА бойынша АББ тиімді енгізудің негізгі құралдары: пациентті бақылау картасы мен халықаралық тұрғыдан салыстырмалы және ӨСОА-ның (2019ж.) жаңа клиникалық хаттамасына енгізілетін индикаторларды дайындау керек.
Сондай-ақ, АББ негізгі құралдарымен (Науқасты бақылау картасы және индикаторларымен) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сырқатты дұрыс диагностикалау (жөтелу, қақыру, ентігу, Тиффно индексі) арқылы пациенттер сапалы іріктелуі тиіс. Темекі шегетін науқастар спирометриялық зерттеуден өтуі тиіс.
Бүгінгі таңда ӨСОА – дүние жүзіндегі өлім санының төртінші жетекші себептерінің бірі болып табылады. Бұл аурудың 2020 жылы өлім санының үшінші жетекші өлім себебі болуы ықтимал деген жорамалдар бар. ӨСОА-ның қауіп факторларының үнемі әсер етуінен және халықтың қартаю салдарынан жақын онжылдықта ӨСОА -ның ауыртпалығы артуы мүмкін деген болжам бар.
Бірқатар дамыған елдерде АББ-сын енгізудің әлемдік тәжірибесінің оң нәтижелері бар. Мәселен, Финляндияда бұл Бағдарлама 2000 жылдан бастап 2012 жылға дейін жүректің ишемиялық ауруынан болатын өлім санын 30%-ға, қант диабетінен 2%-ға, ӨСОА-нан 16,7%-ға төмендетуді қамтамасыз етті. Канадада ЖИА ауруынан болатын өлім саны 39%-ға, қант диабетінен 15,5%-ға, ӨСОА -нан 9%-ға төмендегені байқалуда.
Бағдарламаға ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу қызметіне жауапкершілік Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-на жүктелген. ӨСОА бойынша АББ-ның пилоттық енгізу АББ-ның электрондық базасы бойынша АББ индикаторларын тоқсан сайын мониторингілеу арқылы жүзеге асырылатын болады.