Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да жыл сайын 17 мамырда әлемнің көптеген елдерінде атап өтілетін, Пульмонолог күніне арналған «Пульмонологиядағы функционалдық диагностика әдістері» тақырыбында Алматы қаласының дәрігерлеріне арналған шеберлік класы өтті.
Тыныс алу органдарының аурулары ересектер мен балалар арасында басты орын алады. Қауіпті аймақта темекі, вейп шегетіндер, зиянды өндіріс қызметкерлері және т.б. Пульмонолог күні дәрігерлер пациенттерді өкпе ауруларының негізгі белгілері мен алдын-алу жолдары туралы хабардар етеді.
Шеберлік класы шеңберінде тыныс алу органдарының ауруларын емдеудегі небулайзерлік терапияның орны; спирометрия деректері бойынша сыртқы тыныс алу функциясының обструктивті бұзылыстары және өкпенің ультрадыбыстық диагностикасының ерекшеліктері – интерстициальды пневмонияны диагностикалаудың перспективалық әдісі сияқты тақырыптар талқыланды.
Баяндамашылар: әл-Фараби ат. ҚазҰУ денсаулық және қоршаған орта зертханасының меңгерушісі м.ғ.д. Денис Винников; Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші пульмонологы, м.ғ.д., профессор Сәуле Қасенова және акушер-гинеколог дәрігер, ультрадыбыстық және функционалдық диагностика дәрігері, Алматы қ. №1 қалалық перзентхана директорының орынбасары м.а., м.ғ.к. Армида Елекенова.
Бүгінгі таңда тыныс алу органдарының ең ауыр ауруларын дамудың алғашқы кезеңдерінде анықтауға және оларды тиімді емдеуге болады. Осыған байланысты мамандар үшін осындай шеберлік кластарын өткізу, олардың тыныс алу органдарының ауруларын емдеу және алдын алу жөніндегі кәсіби білімдерін шыңдауға және тереңдетуге мүмкіндік береді.