2020 жылғы 20-21 маусымда цифрлық нысанда Азия континентіндегі кардиология саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен Asian Heart Society қолдауымен Аsian Cardiovascular Research Seminar семинары өткізілді. Семинарға 50-ден астам елдің өкілдері қатысты.
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмология бөлімінің жетекшісі, Жібек жолы елдерінің Жүрек ырғағы қоғамының президенті Роин Реквава Азияда клиникалық зерттеулерді дамыту мен қолдау мүмкіндіктері туралы айтып берді. Баяндама семинарға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Белсенді талқылаудың қорытындысы бойынша клиникалық зерттеулер саласында Asian Heart Society ынтымақтастықта жұмыс істеудің болашақтағы бағыттары белгіленді.