Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ аритмологтары EnSite Х жүйесінің көмегімен жүрек ырғағы бұзылған, соның ішінде күрделі пациенттерге операцияларды сәтті жүргізуде.
Бұл дәл жүрекішілік навигациялық үш өлшемді карталаудың жаңа жүйесі және Abbott-WorkMate Claris жүрекішілік сигналдарды тіркеу электрофизиологиялық станциясы 2022 жылдың желтоқсанында клиниканың рентгенэндоваскулярлық операциялық блогында орнатылған.
«Бұл жабдық жүрек электрофизиологиясының барлық әлемдік стандарттарына сай және әлемнің жетекші клиникаларында бар. EnSite X навигациялық жүйесінің артықшылықтары – карталаудың жоғары дәлдігі, барлық қолжетімді өндірушілердің катетерлерімен үйлесімділігі болып табылады», - дейді аритмология мәселелері бойынша рентгеноблоктың аға ординаторы Артур Абдымомунов.
ҒЗИ интервенциялық аритмологтары карталау кезінде жасалатын үш өлшемді модельдердің мықты сапасын және сәйкесінше жүрек тініне жоғары дәлдіктегі радиожиілік әсерін қолдану мүмкіндігін атап отыр, бұл өз кезегінде жүргізілетін операциялардың тиімділігін арттырады, емшара уақытын қысқартады, пациент пен персоналға рентген сәулесінің әсер ету уақытын азайтады.
Жаңа жабдықтың айрықша ерекшелігі – флюороскопияны қолданбай-ақ операция жасау мүмкіндігі.
Бүгінгі таңда институтта EnSite Х жаңа жүйесінің көмегімен 30-ға жуық операция жүргізілді.