КІАҒЗИ барлық қызметкерлері AHA стандарттарына сәйкес базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясының сертификатталған курсынан өтуде

КІАҒЗИ барлық қызметкерлері AHA стандарттарына сәйкес базалық және кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясының сертификатталған курсынан өтуде

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығының бастамасымен барлық қызметкерлер, оның ішінде әкімшілік, дәрігерлер, орта, кіші медициналық және техникалық персонал, резиденттер клиниканың симуляциялық залында базалық жүрек-өкпе реанимациясын (basic Life Support – BLS) және (Advanced Cardiac Life Support - ACLS) үйренуде. Курстарды анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінің дәрігерлері, Американдық кардиология қауымдастығының (АНА) сертификатталған нұсқаушылары Александр Терещенко мен Әсел Есалиева жүргізеді.

BLS - бұл жүректің тоқтап қалуы кезіндегі базалық реанимациялық шаралар курсы. Ол алдын алу, жүрек тоқтап қалу белгілерін ерте анықтау және жоғары тиімді реанимациялық көмек көрсету бойынша іс-шаралар кешенін қамтиды. Бұл жанама жүрек массажы, тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету және жасанды тыныс алдыру.

Шынайы манекендерде сертификатталған нұсқаушылардың жетекшілігімен өтіп жатқан тренинг ең жауапты манипуляцияларды пысықтауға және медициналық көмек көрсету алгоритмдерін барынша дәл орындауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, курс симуляциялық тапсырмаларды, көмек көрсету процесінде туындайтын жағдайларды модельдеуді қамтиды.

Латын мақалында: «Жылдам берген адам екі есе көп береді», делінген. Шұғыл көмек көрсетуде уақыт маңызды рөл атқарады.

Бұл курстар реанимациялық бригада келгенге дейін институттың кез келген қызметкеріне жоғары тиімді шұғыл көмек көрсету арқылы ауыр жағдайда адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.