Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының Басқарма Төрағасы Марат Пашимов пен Измир қаласындағы Эге университетінің басшылығы Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.
Түркия жағынан медицина ғылымдарының докторы, профессор Серхат Бор қатысты.
Құжатқа қол қоюдың мақсаты: өзара ынтымақтастықты нығайту және өзара алмасуды ілгерілетуге ұмтылу.
Ынтымақтастық барлық салалар бойынша білім беру және зерттеу қызметін қамтиды. Біріншіден, бұл жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру тыңдаушыларымен, оқытушылармен және ғылыми қызметкерлермен алмасуға жәрдемдесу; бірлескен зерттеулер және олардың нәтижелерін жариялау; анықтамалық деректермен, академиялық ақпаратпен және әдебиеттермен алмасу.
Тараптар оқытушылар мен зерттеушілердің бір-біріне сапарларын жеңілдетуге; шақырылған ғалымдарға зерттеу кеңістігін, кітапханаларды және т.б. шарттарды пайдалануды қамтамасыз етуге тырысамыз деп келісті.
Ұйымдар арасындағы өзара іс-қимыл білім және дағдылармен алмасуға көмектеседі, білім беру жобаларын әзірлеу және іске асыру бойынша тәжірибе алмасуға, конференциялар, симпозиумдар, шеберлік сыныптар және т.б. ұйымдастыруға мүмкіндік береді.