КІАҒЗИ басшылығы мен қызметкерлеріне қазақстандық трансплантологияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Дар» мүсіншесі мен естелік белгілер табыс етілді

КІАҒЗИ басшылығы мен қызметкерлеріне қазақстандық трансплантологияны дамытуға қосқан үлесі үшін «Дар» мүсіншесі мен естелік белгілер табыс етілді

«Жаңаша соққан 100 жүрек» донорлық жүректі трансплантациялау бойынша 100-ші операцияға арналған Форум аясында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ басшылығына, Басқарма төрағасы Марат Пашимов пен бірқатар қызметкерлерге еліміздегі алғашқы «Heart Center Foundation» денсаулық сақтау саласындағы эндаумент-қорының «Дар» мүсіншесі мен естелік белгілері табыс етілді.

«Елімізде жүрек трансплантациясы тек Астана қаласында UMC, Шымкентте Жүрек орталығында және Алматыда біздің институтта жасалады. Осындай операциялардың арқасында пациенттеріміз өмір сүруге екінші мүмкіндік алады», - дейді ҒЗИ бірінші басшысы Марат Орынбасарұлы.

Трансплантация - жүздеген адамдардың, ұйымдардың еңбегі, әрине, басқа адамның өмірі үшін игі іс жасаған донордың туыстарының да үлесі.

Осыған орай КІАҒЗИ жетекші мамандары: хирургиялық және реанимациялық қызметтердің басшылары Рүстем Төлеутаев пен Михаил Воронцовқа, Анестезиология, реанимация, қарқынды терапия және кардиология бөлімшелерінің меңгерушісі Данияр Кунапьяновқа және Әсем Амантаеваға, перфузиолог дәрігер Ақан Баграмовқа, кардиохирург дәрігер Мақсат Жақаевқа, кардиолог дәрігерлер Салтанат Алтыбаева мен Раушан Садықоваға, КХБ және АРжҚТБ аға мейіргерлері Талшын Есеноваға және Балмира Алметоваға, мейіргерлер Марғұлан Садыханға, Гүлбан Әбдал мен Айна Бегалиеваға қазақстандық трансплантологияның дамуына қосқан үлесі үшін естелік белгілер табысталды.

Марапаттарыңыз құтты болсын! Әр операция сәтті болсын! Дендеріңіз сау болып, пациенттердің алғысына бөлене беріңіздер!