КІАҒЗИ басшылығы Шанхай Муниципалдық денсаулық сақтау комиссиясының өкілдерімен кездесті

КІАҒЗИ басшылығы Шанхай Муниципалдық денсаулық сақтау комиссиясының өкілдерімен кездесті

31 тамызда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ға Бас директордың орынбасары Фу Чен бастаған Шанхай Муниципалдық денсаулық сақтау комиссиясының өкілдері келді.

Клиникаға сапар барысында қонақтар қабылдау бөлімшесінде, сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика, кардиохирургия бөлімшелерінде, рентгенэндоваскулярлық операциялық блок пен клиникалық-диагностикалық зертханада болды.

Басқарма төрағасы Марат Пашимов еліміздің барлық өңірлерінен күрделі сырқаты бар пациенттер емделетін төртінші деңгейдегі клиника болып табылатын ҒЗИ қызметімен таныстырды.       

Ол институтта әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ең заманауи жабдықтар орнатылғанын атап өтті. Бұл толық кардиопакет және 3d визуализациясы бар премиум КТ аппараты. Мұндай бірегей соңғы буын аппаратында зерттеу Алматыда тек КІАҒЗИ– да жүргізіледі; жетілдірілген эхокардиография және қан тамырларын зерттеу мүмкіндігі бар диагностиканың премиум сапасының жаңа буынының ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі.

Пациенттерді диагностикалау үшін «Phadia 250» автоматты ИХЛ-анализаторы қолданылады. ImmunoCAP технологиясы көптеген жылдар бойы ең дәл және сезімтал болып есептеледі. Оның көмегімен әлемде аллергиялық аурулардың таралуы зерттеледі.

Клиниканың бірінші басшысы кардиохирургиялық бөлімшеде ересектерге кардиохирургиялық операциялардың барлық түрлері жасалатынын айтты. Күрделілігі V-VII санаттағы аралас операциялар жүргізіледі. Олар жағдайлары ауыр, басқа орталықтарда операциядан бас тартылған науқастарға жасалады. Алматыда бірінші болып ҒЗИ мамандары терминалдық жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар пациенттерге жасанды сол жақ қарыншаны имплантациялау (LVAD) және донорлық жүрек трансплантациясы бойынша операцияларды орындады. КІАҒЗИ – Қазақстандағы гипертрофиялық кардиомиопатия кезінде операциялар жасайтын жалғыз орталық. ҚР-да алғаш рет: гипертрофиялық кардиомиопатияны генетикалық зерттеу, жүректің ашық операцияларында криоабляция, жүрекшелер фибрилляциясы кезінде сол жақ жүрекшенің құлағын клиптеу, қолқаға гибридті операциялар жасалды.

Рентгенэндоваскулярлық операциялық блокта эндоваскулярлық қолқа клапанын имплантациялау (TAVI) сияқты жоғары технологиялық кардиологиялық операциялар жүргізілуде.

Өз кезегінде Шанхай Муниципалдық денсаулық сақтау комиссиясы бас директорының орынбасары Фу Чен Шанхай Муниципалдық денсаулық сақтау комиссиясы (SMHC) Шанхайдағы денсаулық сақтауды басқару мен үйлестіруге жауапты негізгі орган екенін айтты. Ол денсаулық сақтау саласындағы саясатты әзірлеумен және іске асырумен айналысады, мемлекеттік медициналық мекемелерді басқарады, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын қадағалайды, қоғамдық денсаулық сақтау мен аурулардың алдын алуға жетекшілік етеді, денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету саласында халықаралық алмасулар мен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Тараптар ғылым, медициналық жарақтандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытты.