Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов Дүниежүзілік мейіргерлер күні аясында институттың орта медициналық персоналына құрмет грамоталарын табыс етті.
Функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің аға мейіргері Гульнара Тулендинова, Орталық зарарсыздандыру бөлімшесінің мейіргері Назира Қулшыманова, консультациялық - диагностикалық орталықтың мейіргерлері Рихангүл Аркинова және Арман Қалабаева, кардиохирургия бөлімшесінің мейіргері Мерей Сапашев, кардиология және№2 терапия бөлімшелерінің мейіргерлері Жадыра Усенова және Феруза Рашидинова Құрмет грамотасымен марапатталды.
Сонымен қатар, рентгенэндоваскулярлық оперблоктың мейіргері Фарух Шаудинов, Республикалық аллергология орталығы мен оңалту бөлімшелерінің мейіргерлері Гульзада Бурлибаева мен Динара Алимкулова кәсіподақ атынан грамота алды.
Мейіргерлердің денсаулық сақтау жүйесіндегі баға жетпес орнын атап өте отырып, клиниканың бірінші басшысы ең мейірімді мамандық өкілдеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық және кәсіби жетістіктерге жетулерін, өз істеріне адал болуларын тіледі.