Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Инкар Абилдаева мен кардиохирург және интервенциялық кардиолог дәрігерлер құрамындағы мониторингтік топ Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы көпсалалы ауруханада болды.
Дәрігерлер созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар амбулаториялық және стационарлық пациенттерге консультациялық көмек берді, түйткілді мәселелерді талқылады, кардиохирургия, оңалту, шұғыл және жоспарлы кардиология бөлімшелерінде обход жасады, әртүрлі кардиологиялық және кардиохирургиялық нозологиялары бар пациенттерге медициналық көмектің түйткілді мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
2 күн ішінде алматылық мамандар стационарда 50 пациентке консультациялық кеңес берді, екі пациентке коронарография жасады және бір пациентке стент қойды.
Кардиологиялық оңалту дәрігерінің, ХСН кабинетінің, ультрадыбыстық сараптамалық класс аппараттың, жүрек КТ-ның болмауы, сондай-ақ кардиолог дәрігерлердің, анестезиолог-реаниматологтардың және интервенциялық кардиологтардың жетіспеушілігі сияқты проблемалар анықталды.
Осыған байланысты, түйткілді мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар берілді, бұл жергілікті бюджет және мекеме есебінен уақытша баспана бере отырып, басқа өңірлерден мамандарды тарту; резидентура бойынша кардиологияға, интервенциялық кардиологияға нысаналы гранттар санын ұлғайту; қажетті аппаратураны сатып алу; жүректің ишемиялық, жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар пациенттерді амбулаториялық емдеу бойынша оқыту; стационардан шығарылғаннан кейін операциядан кейінгі пациенттерге күтім көрсету сапасын жақсарту және туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары бар жүкті пациенттерді бақылауда ұстау.