Өңірлік медициналық мекемелерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы және кардиология бөлімшелерінің меңгерушілері Бағдат Ахыт пен Әсем Амантаева, кардиохирург, интервенциялық аритмолог және УДЗ диагностика дәрігерлері құрамындағы мониторингтік топ 2 күн бойы Шымкент қаласының Жүрек орталығында және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында жұмыс істеді.
Дәрігерлер созылмалы жүрек қызметінің жеткіліксіздігі бар амбулаториялық және стационарлық пациенттерге консультациялық кеңес берді - өңірде осы нозологиясы бар пациенттердің үлесі басым болып тұр екен, түйткілді мәселелерді талқылады, интервенциялық аритмология, шұғыл және жоспарлы кардиология және кардиохирургия бөлімшелерінде обход жасап, түрлі кардиологиялық және кардиохирургиялық нозологиялары бар пациенттерге медициналық көмектің түйткілді мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті.
Алматылық мамандардың қабылдауында 177 пациент болды, стационарда 9 пациентке консультациялық кеңес берілді және 3 операция жасалды: атриовентрикулярлы тораптық реципрокты тахикардияның екі РЖА және бір СРТ-Д имплантациясы, сондай-ақ коронарлық синусқа сол жақ қарыншалық электродты жүргізу сапасын жақсарту, электрофизиологиялық зерттеу және эктопиялық ошақтарды катетерлік аблациялау бойынша интраоперациялық тәсілдер көрсетілді.
Ең күрделі пациенттер бойынша КІАҒЗИ жағдайында жүректің оң жақ бөлігін катетерлеу (1 пациент), жүректің электрофизиологиялық зерттеуін және эктопиялық ошақтарды РЖА - 7 пациентке, СРТ-Д имплантация – 3 пациентке жасау ұсынылды.
3 пациент коронарографияға жіберілді, жүкті әйелді одан әрі емдеу тактикасы бойынша ұсыныстар берілді.