КІАҒЗИ дәрігерлері Қызылорда облысы Арал ауданының медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті

КІАҒЗИ дәрігерлері Қызылорда облысы Арал ауданының медициналық ұйымдарына ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсетті

Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрамында өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Раушан Жарылқасынова, кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Іңкар Әбілдаева, гастроэнтеролог/гепатолог Балжан Нұғманова, нефролог Сәрсенбай Қармақбаев, УДЗ диагностика дәрігері Жұлдызай Егембаева бар Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мониторингтік тобы Қызылорда облысының Арал ауданында 4 күн бойы жұмыс істеді.

Сапар барысында институттың мониторингтік тобы 2024 жылдың 6 айындағы қан айналымы жүйесі аурулары және қант диабеті бойынша скрининг қорытындыларына, 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда және республика бойынша осы жылдың 1 жартыжылдығындағы қан айналымы жүйесі ауруларынан және жедел миокард инфарктінен болатын сырқаттану мен өлім жағдайларына талдау жүргізді.

Дәрігерлер терапиялық және кардиологиялық бейіндегі амбулаториялық және стационарлық пациенттерге консультациялар жүргізді, кардиология, терапия және реанимация бөлімшелерін аралады. 150 пациент мамандардың қабылдауында болды. Бөлімшелерді аралау барысында 16 пациентке консультация берілді. 17 пациентке институт жағдайында емделу ұсынылады.

Институттың мониторингтік тобының жұмыс қорытындысы бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқақов пен өңірдің медициналық ұйымдарының бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңес барысында анықталған проблемалар бойынша халыққа көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.