Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да артериялық гипертонияның қатерлі ағымы бар пациенттерге интервенциялық операциялар жүргізу жалғасуда.
Бүгін, Ақтау қаласынан келген 52 жастағы науқасқа қатерлі артериялық гипертония диагнозымен бүйрек артерияларын денервациялау жүргізілді. Пациент ұзақ уақыт бойы 5 компонентті гипотензивті терапияны қабылдаған, бірақ нәтиже болмаған. Қан қысымы 200 мм сынап ст.бағанасынан төмен түспеген.
Бүйрек артерияларының эндоваскулярлық радиожиілік денервациясы - рефрактерлі артериялық гипертонияны емдеудің инновациялық әдісі.
Бұл кіші инвазивті араласу гипертензияға қарсы препараттармен емделмейтін артериялық гипертензияны емдеу мақсатында жасалады.
Бүйрек қан қысымын қалыпқа келтіруде шешуші рөл атқарады. Мұндай жағдайларда әртүрлі әсер ету механизмі бар бірнеше препараттардың комбинациясы оны қалыпқа келтіруге мүмкіндік бермегенде, рефрактерлі артериялық гипертония туралы айтылады. Рефтрактерлі гипертонияда - оны күшейтетін гормон – норадреналиннің артық бөлінуіне байланысты қан қысымы көтеріледі. Гормон шығаратын жүйке жасушалары бүйректі қанмен қамтамасыз ететін артерияларда кездеседі. Бұл жасушалардың белсенділігі басылған кезде артериялық қысым қалыпқа келеді.
Процедура жергілікті анестезиямен наркозсыз жүзеге асырылады. Сәулелік немесе сан артериясын пункциялау арқылы ангиографиялық бақылаумен арнайы катетер баллон түрінде жүзеге асырылады, онда нүктелік электродтар орналасқан. Норадреналин бөлетін жасушалардың қысқа мерзімді радиожиілікті абляциясы орындалады. Баллон кезек-кезекпен әр бүйрек артериясының діңіне бұрылып, жоғары жиілікті толқындардың энергиясын береді. Жоғары жиілікті импульс тамыр қабырғасында өтетін жүйке талшықтарын бұзады, нәтижесінде тітіркендіргіш импульстар бас миына жетпейді, артериялық қысым қалпына келеді. Араласу ұзақтығы тек жарты сағатты құрайды. Пациент сол күні-ақ стационардан шығуына болады.
Операциядан кейін пациентке тәулік бойы физикалық белсенділікті шектеу ұсынылады.
Асқынулар болмайды. Тек сәулелік немесе сан артериясының пункция орнында гематома пайда болуы мүмкін. Бірақ ол арнайы емдеуді қажет етпейді және бірнеше күннен кейін кетеді.
Операция сәтті өтті. Пациент өзін жақсы сезінеді.