КІАҒЗИ-да Австрияның жетекші интервенциялық кардиологы Аурель Тома өңірлердің эндоваскулярлық операциялық блоктары басшыларына шеберлік сабағын өткізді

КІАҒЗИ-да Австрияның жетекші интервенциялық кардиологы Аурель Тома өңірлердің эндоваскулярлық операциялық блоктары басшыларына шеберлік сабағын өткізді

Қан айналымы жүйесінің аурулары - аурудың ең таралған түрі. Бүгінгі таңда созылмалы жұқпалы емес аурулардың 40% -ы жүрек пен қан тамырларының жұмысымен байланысты. Соңғы жылдары жүрек-қан тамырлары ауруларының саны артып келеді. Жүрек қан тамырларының зақымдануы арасында коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиясы бар науқастар маңызды орын алады. Бұрын мұндай диагнозбен тек қолқа-коронарлық шунттау операциясы жасалған. Бірақ, қазіргі уақытта интервенциялық кардиологияның қарқынды дамуына байланысты, ашық операцияны болдырмауға ықпал ететін тамырларды интервенциялық емдеудің инновациялық әдіс-тәсілдері мен технологиялары даму үстінде.



Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ қазір осы күрделі патологияларды емдеумен белсенді айналысады. Созылмалы жалпы окклюзиялар мен күрделі патологияларды емдеу үшін институтта ең заманауи медициналық технологиялар мен инновациялық материалдар қолданылады.



«Медициналық көмек көрсету сапасы мен деңгейін арттыру – біздің басты міндетіміз. Дайындық деңгейі уақыт талаптарына және қарқынды даму үстіндегі медицинаға сай болуы үшін, мамандардың өзекті мәселелер бойынша біліктілігін ұдайы арттырып отыруы маңызды болып табылады, себебі олардың қолында - пациенттердің өмірі!»,- дейді Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасы, м.ғ.д., профессор Роза Қуанышбекова.



«Клиникалық қызметпен ғана емес, сонымен қатар білім беру-консультациялық қызметпен де айналыса отырып, біздің ҒЗИ барлық өңірлерден келген дәрігерлерді де оқытады. Біз шеберлік класын өткізуге шетелдік жетекші мамандарды шақырып тұрамыз, біздің үздік дәрігерлеріміз де өз әріптестерін оқыту үшін өңірлерге барады», - деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.



Бүгін КІАҒЗИ интервенциялық хирургияның ең өзекті мәселелерін талқылауға арналған диалог алаңын тағы да ұсынды. Астана, Семей, Тараз, Алматы және т.б. қалалардың рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктарының  меңгерушілері Австрияның жетекші интервенциялық кардиологы, Вена университетінің Кардиология департаментінің директоры, CHIP-Complex Higher-risk Indicated Pacient бағдарламасының директоры Аурель Томның және  республиканың жетекші интервенциялық кардиолог және рентгенхирург маманы, ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық блок меңгерушісі Алексей Колесниковтың қатысуымен коронарлық артериялардың созылмалы тотальды окклюзияларын емдеу бойынша шеберлік сыныбына жиналды.



Алексей Колесников атап өткендей, жүрек тамырларының күрделі зақымдануы, соның ішінде коронарлық артериялардың созылмалы жалпы окклюзиясы ентігу, жүрек ауруы, физикалық белсенділіктің және өмір сапасының төмендеуімен бірге жүреді. Олар ерте ме, кеш пе миокард инфарктіне әкелуі мүмкін. Рентгенэндоваскулярлық операциялық блоктарды жаңарту, тағы да рентгеноблоктар ашу, соңғы үлгідегі жаңа ангиографиялық жабдықтар сатып алып, оларды орнату ең күрделі патологиялары бар науқастарды емдеуге мүмкіндік береді. 



Шеберлік класы аясында коронарлық артерияларды стенттеудің көрнекі операциялар жасалды. Мысалы, кеше ғана ота жасатқан алматылық 66 жастағы Рымғали Имашев бүгін өзін жақсы сезініп, еш жері ауыртпайтынын айтып, дәрігерлерге алғысын білдірді.



Тәжірибелік жағымен қатар, шеберлік класының бағдарламасы шетелдік маманның созылмалы жалпы окклюзияларды емдеудегі жаңа трендтер туралы дәрістерін қамтиды.