Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да брахиоцефалдық артериялар мен аяқ-қолдың қан тамырлары ауруларының ультрадыбыстық диагностикасы бойынша біліктілікті арттыру циклі өтуде.
Функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің дәрігерлері ғана емес, сонымен қатар кардиологтар, интервенциялық хирургтар да өз біліктіліктерін арттыруда.
Клиника басшылығы мамандарды оқыту үшін Алтай жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының директоры, Алтай медициналық университетінің ультрадыбыстық және функционалдық диагностика кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Владимир Куликовты шақырды.
Владимир Павлович 30 жылдан астам уақыт бойы УДД дәрігерлері үшін біліктілікті арттыру циклдарын өткізіп келеді.
Цикл ағымдағы жылдың 18 қарашасына дейін жалғасады, курсты бітірген тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Біліктілікті арттыру мамандарға теориялық және практикалық білімді жаңартуға және жаңа кәсіби құзыреттер алуға мүмкіндік береді.
Владимир Куликов – Ресей Ультрадыбыстық диагностика мамандары қауымдастығының Басқарма мүшесі, ресейлік және шетелдік рецензияланған ғылыми журналдарда жарияланған 150-ден астам мақаланың авторы, 14 монография мен нұсқаулықтың, 35 патенттің авторы, сонымен қатар, «Ультрадыбыстық диагностика», «Патологиялық физиология және эксперименттік терапия», «Қан айналымының клиникалық физиологиясы» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі.