КІАҒЗИ-да кардиология кафедрасының ассоциирленген профессоры, жетекші ғылыми қызметкер Кулзида Көшімбаеваны мерейтойымен құттықтады

КІАҒЗИ-да кардиология кафедрасының ассоциирленген профессоры, жетекші ғылыми қызметкер Кулзида Көшімбаеваны мерейтойымен құттықтады
Мерейтой иесін құттықтай отырып, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымының міндетін атқарушы Гүлмира Әбдікәрімова: «Сізге бізбен бөлісетін бай практикалық және өмірлік тәжірибеңіз үшін шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді», - деді. «Біз клиниканың қызметін Сізсіз елестете алмаймыз. Сіз емделушілерге және әріптестеріңізге көмектесуге дайын болу, жоғары кәсібилік, жауапкершілік және қарапайымдылық сияқты ізгі қасиеттермен ерекшеленесіз», - деп атап өтті Гүлмира Болатқызы. Өз кезегінде мерейтой иесі әріптестеріне құттықтаулары үшін алғыс білдіре отырып, 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан институтқа адал екенін айтты. Күлзида Көшімбаева – жоғары санатты кардиолог. Ол КСРО МҒА БКҒО А.Мясников ат. Кардиология институты жанында клиникалық ординатурада және аспирантурада оқыды, және де медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Еуропалық кардиологтар қоғамының, Еуропалық жүрек ырғағы қауымдастығының (EHRA) мүшесі, ҚР Кардиологтар қауымдастығы Президиумының және Қазақ аритмологтар қоғамының мүшесі.