Бүгін Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ эпидемиолог дәрігері Гүлнара Төлепова клиниканың дәрігерлері мен орта медициналық персоналы үшін АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша семинар өткізді.
Ол қатысушыларға АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу қағидалары мен тәртібі туралы, атап айтқанда, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тексеру, сондай-ақ міндетті тексерілу, инфекцияның ықтимал көздері туралы айтты.
Гүлнара Аппазқызы медициналық тексеру кезінде АИТВ-инфекциясы фактісін анықтаған денсаулық сақтау ұйымдары зерттелушіні алынған нәтиже туралы жазбаша хабардар ететіні, өзінің және айналасындағылардың денсаулығын қорғауға бағытталған сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ақпараттандыратыны, сондай-ақ емделуден жалтарғаны және басқа адамдарға жұқтырғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жөнінде түсіндірді.
Эпидемиолог жұқтырған материал немесе басқа биологиялық субстраттар зақымдалған немесе зақымдалмаған теріге, шырышты қабаттарға түскенде немесе жарақат алған жағдайда пайда болуы мүмкін апатты жағдай туралы, кәсіби байланыста болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігі және т.б. туралы айтты.
Айта кетсек, мұндай семинарларды өткізу АИТВ/ЖИТС-пен байланысты проблемалар бойынша мамандардың хабардар болу деңгейін арттыруға, инфекцияның алдын алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.