КІАҒЗИ-да өмірге қауіп төндіретін аритмияға шалдыққан төрт науқасқа радиожиілік абляциясы жасалды

КІАҒЗИ-да өмірге қауіп төндіретін аритмияға шалдыққан төрт науқасқа радиожиілік абляциясы жасалды

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИда 1 және 2 маусымда институттың аритмологиялық қызметінің аға ординаторы Артур Әбдімомынов пен аритмолог-дәрігер Асылхан Пәрімбеков жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарын емдеу бойынша 4 операция жасады.

Дубай (БАӘ) және Вильнюс (Литва) қалаларынан келген Abbott компаниясының мамандарының қолдауымен қарыншалық тахикардия және жүрекшелердің инцизиялық дірілі сияқты өмірге қауіп төндіретін аритмияларды карталау және радиожиілік абляциясы жасалды.

Айта кетсек, бұрын мұндай деңгейдегі карталау клиникада жүргізілмеген.

КІАҒЗИ мамандарының даярлығы ең күрделі аритмиямен жоғары тиімділікпен күресуге мүмкіндік береді.

ҒЗИ басшылығы дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің кәсіби өсуі үшін қажетті жағдайларға ие болуы үшін барлық күш-жігерін салуда. 

Сондықтан, мамандар таяу және алыс шет елдерде тұрақты негізде біліктілігін арттырады, пациенттерге сапалы, уақтылы және білікті көмек алу үшін әріптестерімен тәжірибе алмасады.

Операциялар МӘМС шеңберінде жүргізілді.