А.ж. 23 мамырда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-на ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гаухар Танашева келді.
Гаухар Шаймерденқызы - кардиолог дәрігер. Ол Кардиология ҒЗИ клиникалық ординатурасын бітірді, институтта біліктілігін арттырған. Оқытушылар да, түлек те кездесуге аса қуанышты болды. Әңгіме барысында ұстаздар өздерінің түлектерімен мақтанатынын атап өтті.
Клиниканың қонағы сәулелік, функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінде болды, онда диагностикалауы қиын аурулары бар пациенттер үшін республикадағы ең заманауи толық кардиопакеті және 3d-бейнелеуі бар премиум – класты КТ аппараты қолжетімді. Мұндай бірегей соңғы буын аппаратында зерттеу Алматыда тек КІАҒЗИ-да ғана жүргізіледі. Премиум сапалы жаңа буын ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі орнатылған.
Сондай-ақ, халық қалаулысына реконструкция жүргізілген консультациялық-диагностикалық орталық көрсетілді. Келушілер үшін жайлы, ыңғайлы орындар қарастырылған әдемі, жарық күту залы және т.б. бар.
Кардиохирургиялық бөлімшеде донорлық жүрек трансплантациясы және LVAD бойынша жүргізіліп жатқан операциялар туралы айтылды.
«Мен клиниканың қаншалықты өзгергенін көріп отырмын. Бұл бүкіл ғимаратта жүргізілген жөндеу жұмыстары, соңғы жабдықтар, инновациялық және заманауи емдеу әдістерін енгізу және т.б. Бір қуантарлығы, институтта есімдері ғылым-білім жетістіктерімен байланысты жетекші мамандар әлі де еңбек етуде», - деп атап өтті депутат. Кездесу аясында ағза донорлығы және трансплантациялау, қант диабеті, орфандық аурулары бар науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету және т. б. түйткілді мәселелер талқыланды.