Өңірлік медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның құрамында өңірлермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Раушан Жарылқасынова, №2 терапия, кардиология және оңалту бөлімшелерінің меңгерушілері Майса Қалықова мен Іңкар Әбілдаева, УДЗ диагностика дәрігері Бақыт Арыспаев, интервенциялық кардиолог Алмат Қалжанов және нефролог Сәрсенбай Қармакбаев бар мониторингтік тобы 3 күн бойы Қызылорда облысының консультациялық-диагностикалық орталығында, көпсалалы облыстық және қалалық ауруханаларында, сондай-ақ Сырдария аудандық ауруханасында жұмыс істеді.
Алдын ала өңірдің Денсаулық сақтау басқармасымен алматылық мамандардың кеңесін алу үшін күрделі диагностикалы пациенттерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізілді.
Жұмыс барысында ҒЗИ мониторингтік тобы облыстың кардиологиялық және терапиялық қызметтеріне талдау жүргізді.
Дәрігерлер нефрологиялық, ревматологиялық және кардиологиялық бейіндегі аурулары бар амбулаториялық және стационарлық пациенттерге консультация жүргізді, нефрология, кардиохирургия, кардиологиялық оңалту және кардиологиялық реанимация бөлімшелерінде болды. Алматылық мамандар 209 пациент қабылдады. Бөлімшелерде 93 пациент консультация алды. «Коронарлық артериялардың күрделі зақымдануы» тақырыбында шеберлік класы өткізілді, оның шеңберінде 3 стенттеу операциясы жасалды. 38 пациентке КІАҒЗИ жағдайында емделу ұсынылды.
Сондай-ақ, алғашқы медициналық көмек көрсету кезеңінде нефрологиялық және ревматологиялық бейіндегі ауруларды ерте анықтау алгоритмі бойынша Қызылорда қаласы мен Сырдария АА жалпы практика дәрігерлері мен терапевттеріне арналған семинар өткізілді.
Институттың мониторингтік тобының жұмыс қорытындысы бойынша облыстың денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ысқаков пен өңірдің медициналық ұйымдары бас дәрігерлерінің қатысуымен кеңес өткізілді, онда анықталған мәселелер жөнінде халыққа көмек көрсетуді одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар берілді.
Облыстың бас дәрігері жоғары кәсіби шеберлігі және пациенттерге де, дәрігерлерге де көрсеткен нақты көмектері үшін КІАҒЗИ мамандарына алғысын білдірді.