Ағымдағы жылдың 20 мамырында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ базасында Ішектің қабыну аурулары бойынша VII ұлттық форум аясында гастроэнтеролог дәрігерлерге, колопроктолог-хирургтарға және эндоскопистерге арналған «ІҚА аспектісіндегі заманауи диагностикалық және емдік эндоскопиялық технологиялар» шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сынып барысында баллон-ассистенттелген энтероскопия және ішек стриктураларының баллондық дилатациясы сияқты IҚА менеджментіндегі заманауи технологиялар туралы тәжірибе алмасу және пікірталастар өтті.
Төрт пациентке эндоскопиялық манипуляциялар сәтті жүргізілді: асқазан-ішек жолдарының жарығын қалпына келтіру үшін баллондық дилатация және аш ішекті зерттеуге арналған баллондық ассистенттелген энтероскопия.
Энтероскоп биопсия жасауға, шағын ісіктерді алып тастауға, аш ішекте қан кетуді тоқтатуға мүмкіндік береді, бұл гастроэнтерологиядағы үлкен жетістік екенін айтып өткен жөн.